Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Трамп: Украина бойынша келісімге қол жеткізуге болады деген сенімдемін

© Sputnik / Стрингер / Медиабанкке өтуВыступление президента США Дональда Трампа на заседании конгресса
Выступление президента США Дональда Трампа на заседании конгресса - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.03.2025
Жазылу
АСТАНА, 20 наурыз – Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путинмен және Украина басшысы Владимир Зеленскиймен келіссөзін "өте жақсы" деп атап, "қантөгісті тоқтату" үшін келісімге қол жеткізуге болатынына сенім білдірді.
"Екі телефон қоңырауы да өте жақсы өтті, мен қантөгісті тоқтату үшін келісімге қол жеткізілетініне шынымен сенемін", - деді Трамп Breitbart порталына берген сұхбатында.
Сейсенбіде Трамп Мәскеу мен Киевтің келіссөз ұстанымдарын жақындату мақсатында Зеленскиймен бір сағатқа жуық сөйлескенін және оған Путинмен арадағы әңгіменің қорытындысы туралы жеткізгенін айтты.
Ресей мен АҚШ президенттері сейсенбі күні телефон арқылы сөйлесті. Ресей басшысы қақтығыс тараптарының энергетикалық инфрақұрылым нысандарына шабуылды 30 күнге тоқтату идеясын қолдады және әскерилерге тиісті бұйрық берді.
Избранный президент Дональд Трамп - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.03.2025
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Трамп Зеленскиймен сөйлесті
Жаңалықтар
0