Қытай Қазақстанға сутегі энергетикасы орталығын құруға көмектеседі

Жасыл сутегі - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.03.2025
Жазылу
Министрлік былтыр 27 қыркүйекте Қазақстанда сутегі энергетикасын дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы бекітілгенін хабарлады
АСТАНА, 20 наурыз - Sputnik. Бейжіңде Қазақстанда сутегі энергетикасының ғылыми-техникалық инновациялық орталығын құру туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлады энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.
"20 наурызда қазақстандық делегацияның Бейжің қаласына (Қытай) сапары аясында "Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы "РМК," China Energy Overseas Investment Co., Ltd" компаниясы және Шанхай Цзяотун университеті арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды", - делінген хабарламада.
Келісім шеңберінде тараптар Абай облысының Курчатов қаласында Орталық Азияның сутегі энергетикасының ғылыми-техникалық инновациялық орталығын құру туралы уағдаласты.
"Бұл орталық сутегі технологиялары саласындағы зерттеулер мен әзірлемелерді жүргізу, тестілеу және энергетика секторында озық шешімдерді енгізу үшін негізгі ғылыми және технологиялық алаңға айналады", - деді ведомстводағылар.
Министрлік былтыр 27 қыркүйекте Қазақстанда сутегі энергетикасын дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы бекітілгенін хабарлады. Сутегі технологияларын дамытуға және елдің энергетикалық секторы үшін жаңа мүмкіндіктер жасауға басты назар аударылады.
Талдықорған көрінісі - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.03.2025
Қытай Талдықорған мен Үшаралға қатынайтын автобустарды қайта іске қосады
Жаңалықтар
0