Қазақстан мен Түркіменстан газ саласындағы ынтымақтастықты нығайтады

© Sputnik / Стрингер / Медиабанкке өтуГазовое оборудование на газовом месторождении, архивное фото
Газовое оборудование на газовом месторождении, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.03.2025
Жазылу
Ашхабадта аймақтық даму жөніндегі конференция өтті
АСТАНА, 20 наурыз – Sputnik. Қазақстан мен Түркіменстан энергетикалық ынтымақтастық, оның ішінде газ инфрақұрылымын дамыту, газдандыру және инвестиция тарту мәселелерін талқылады. Бұл туралы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ашхабадта өткен халықаралық конференцияда сөз сөйлеген энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов Қазақстан табиғи газды орнықты экономикалық дамуды қамтамасыз етудің және энергетикалық қауіпсіздікті нығайтудың негізгі элементі ретінде қарастыратынын атап өтті.
"Бүгінде еліміз газды барлау, өндіру, тасымалдау және өңдеу бағыттарын белсенді түрде дамытып, инвестиция тарту мен ұзақ мерзімді ынтымақтастық үшін берік негіз қалыптастыруда", -деді ол.
Конференцияда халықаралық әріптестік пен газ саласындағы өзара іс-қимылды кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қазақстан мен Түрікменстан табиғи газдың стратегиялық маңыздылығын ескере отырып, энергетика саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделілік білдірді.
Тараптар газ инфрақұрылымын дамыту, инвестициялық жобалар және озық технологиялармен алмасу бағыттары бойынша диалог пен бірлескен жұмысты жалғастыруға келісті.
Жаңалықтар
0