Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Еурокомиссия Украинаға бір миллиард еуро бөлді

Еуро валютасы
Еуро валютасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.03.2025
Жазылу
АСТАНА, 20 наурыз – Sputnik. Еурокомиссия Ресей активтерін бұғаттаудан түскен түсімдерден өтелетін "Жетілік" тобының (G7) несиесі аясында Украинаға қосымша 1 миллиард еуро бөлгенін мәлімдеді, деп хабарлады Еуропалық одақ мәлімдемесінде. Бұл туралы РИА Новости жазды.
"Бүгін Еуропалық комиссия Украинаға қосымша 1 миллиард еуро көлеміндегі макроқаржылық көмек траншын бөлді. Ол Ресейдің Еуроодақтағы бұғатталған мемлекеттік активтерінен түскен қаражат есебінен өтеледі", - делінген құжатта.
Брюссель Киевке қазірдің өзінде бөлген несиенің жалпы сомасы осылайша 4 миллиард еуроны құрайды деп хабарланды. Жалпы алғанда, ЕО бұған дейін Украинаға G7 келісілген 45 миллиард еуролық несиенің бөлігі ретінде Ресей активтерінен түсетін кірістен өтелетін шамамен 18 миллиард еуро несие беруге міндеттенген болатын.
Украинадағы қақтығыс басталғаннан кейін Еуроодақ пен "Үлкен жетілік" елдері Ресейдің шамамен 300 миллиард еуроны құрайтын валюта қорының жартысына жуығын бұғаттап тастады. 200 миллиардтан астам қаражат Еуроодақта, негізінен (176 миллиард) әлемдегі ең ірі есеп айырысу және клиринг жүйелерінің бірі – бельгиялық Euroclear шоттарында жатыр.
Ресей Сыртқы істер министрлігі бұл әрекеттерді бірнеше рет ұрлық деп атап, ЕО жеке тұлғалардың қаражатын ғана емес, сонымен бірге мемлекет активтерін де бұғаттағанын мәлімдеді.
Жаңалықтар
0