Алматыда 1700-ге жуық қызметкердің жалақысына 30% үстемеақы қосылады

© Sputnik / Абзал КалиевӘмияндағы теңге
Әмияндағы теңге - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.03.2025
Жазылу
Алайда бұл өзгеріс медицина қызметкерлеріне қатысты емес
АСТАНА, 20 наурыз - Sputnik. Алматыда медициналық-әлеуметтік мекеме қызметкерлерінің лауазымдық жалақысына 2015 жылдан бері алғаш рет 30% үстемеақы қосылады, деп хабарлады Алматы қаласының әкімдігі.
Бұл шешім мәслихаттың XXVIII сессиясында депутаттар тарапынан қолдау тапты. 1 632 қызметкер қосымша төлем алады, алайда бұл өзгеріс медицина қызметкерлеріне қатысты емес.
Әлеуметтік қызметкерлердің жұмысы маңызды болғанымен, олардың жалақысы төмен деңгейде қалып отыр. Үстемеақының енгізілуі қызметкерлердің ынтасын арттырып, әлеуметтік мекемелердегі кадр тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
"Жалақының төмен болуына байланысты әлеуметтік қызметкерлер арасында білікті мамандардың кетуі байқалады. Бұған кәсіби күйзеліс пен жеке сектордағы жоғары жалақы бәсекелестігі әсер етеді", - дейді Алматы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Бауыржан Жаубасов.
Қазіргі уақытта Алматыда 13 әлеуметтік мекеме жұмыс істейді. Олар ерекше қажеттілігі бар адамдарға, жалғызбасты қарттарға және өмірінде қиындық болып жатқан азаматтарға көмек көрсетеді.
Портмоне с деньгами - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.03.2025
Ер адамдар әйелдерге қарағанда 25 пайызға көп жалақы алады
Жаңалықтар
0