https://sputnik.kz/20250319/tmd-elderinde-euraziyalyq-orys-tilin-qoldau-qauymdastygy-payda-bolady-51740669.html
ТМД елдерінде Еуразиялық орыс тілін қолдау қауымдастығы пайда болады
ТМД елдерінде Еуразиялық орыс тілін қолдау қауымдастығы пайда болады
Sputnik Қазақстан
Алдағы уақытта оқушылар үшін шет тілі ретінде орыс тілінен халықаралық олимпиада ұйымдастыру жоспарланып отыр 19.03.2025, Sputnik Қазақстан
2025-03-19T13:12+0500
2025-03-19T13:12+0500
2025-03-19T13:12+0500
орыс тілі
ресей
https://sputnik.kz/img/07e6/05/14/24948110_2:0:2999:1686_1920x0_80_0_0_bebe420b52a56d91dca8dfe5533a3d5b.jpg.webp
АСТАНА, 19 наурыз - Sputnik. ТМД елдерінде Еуразиялық орыс тілін қолдау қауымдастығы пайда болады. Болашақ платформа "Россия сегодня" медиатобының баспасөз орталығындағы дөңгелек үстелде талқыланды.Мұнда Ресей Федерациясының оқу-ағарту министрі Сергей Кравцовтың қатысуымен сарапшылар - филологтар, қоғамдық бірлестіктер жиналды. Министрдің айтуынша, бұл дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды, білім беру бағдарламалары мен орыс мәдениетін зерттеуге арналған инфрақұрылымды ілгерілетуге арналған алаң болады.Іс-шарада орыс тілі мен мәдениетін қолдау орталықтарының басты міндеттері аталды. Ол мыналар:Әдебиет саласындағы қонақ кештері, тарихи ағарту сабақтары және орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне арналған тренингтер өткізіледі.Сондай-ақ білім ошақтарындағы орыс тілі кабинеттерін жабдықтау, орыс тілі мұғалімдерінің кәсіби өсу мектебін іске қосу, оқушылар үшін шет тілі ретінде орыс тілінен халықаралық олимпиада ұйымдастыру, посткеңестік кеңістік елдерінің жастары үшін ресейлік жазушылармен кездесулер ұйымдастыру жоспарланған.Бұдан басқа, ТМД елдерінің оқушылары арасында "Сынып достығы" бағдарламасын іске қосу жоспарда бар. Бұл бағдарлама елдер арасындағы оқушылардың өзара байланысын арттырады.
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/05/14/24948110_376:0:2624:1686_1920x0_80_0_0_b2c2ca9f4cf5f3d1a539cc7f0551e2dc.jpg.webpSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
орыс тілі, ресей
ТМД елдерінде Еуразиялық орыс тілін қолдау қауымдастығы пайда болады
Алдағы уақытта оқушылар үшін шет тілі ретінде орыс тілінен халықаралық олимпиада ұйымдастыру жоспарланып отыр
АСТАНА, 19 наурыз - Sputnik. ТМД елдерінде Еуразиялық орыс тілін қолдау қауымдастығы пайда болады. Болашақ платформа "Россия сегодня" медиатобының баспасөз орталығындағы дөңгелек үстелде талқыланды.
Мұнда Ресей Федерациясының оқу-ағарту министрі Сергей Кравцовтың қатысуымен сарапшылар - филологтар, қоғамдық бірлестіктер жиналды. Министрдің айтуынша, бұл дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды, білім беру бағдарламалары мен орыс мәдениетін зерттеуге арналған инфрақұрылымды ілгерілетуге арналған алаң болады.
"Ресейдің Еуропаның бірқатар елдерінен айырмашылығы - біз тыйым салмаймыз, дамытамыз", - деді ол.
Іс-шарада орыс тілі мен мәдениетін қолдау орталықтарының басты міндеттері аталды. Ол мыналар:
дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды насихаттау;
білім беру мекемелерін орыс тілді оқулық және көркем әдебиетпен қамтамасыз ету және орыс тілі кабинеттерін жабдықтау;
педагогтердің кәсіби өсуіне ықпал ету;
орыс тілі мен мәдениетін қолдауға бағытталған елдерде қоғамдық және бизнес ұйымдары өкілдерінің қауымдастығын қалыптастыру;
жастар мен орыс жазушыларының кездесулерін өткізу.
Әдебиет саласындағы қонақ кештері, тарихи ағарту сабақтары және орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне арналған тренингтер өткізіледі.
Сондай-ақ білім ошақтарындағы орыс тілі кабинеттерін жабдықтау, орыс тілі мұғалімдерінің кәсіби өсу мектебін іске қосу, оқушылар үшін шет тілі ретінде орыс тілінен халықаралық олимпиада ұйымдастыру, посткеңестік кеңістік елдерінің жастары үшін ресейлік жазушылармен кездесулер ұйымдастыру жоспарланған.
Бұдан басқа, ТМД елдерінің оқушылары арасында "Сынып достығы" бағдарламасын іске қосу жоспарда бар. Бұл бағдарлама елдер арасындағы оқушылардың өзара байланысын арттырады.