Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Ресей қорғаныс министрлігі келіссөзден кейін мұнай базасына шабуыл жасалғанын хабарлады

© Photo : Пресс-служба "Каспийского трубопроводного консорциума" (КТК)После завершения планово-предупредительных работ введено в строй выносное причальное устройство (ВПУ), сообщила администрация Каспийского трубопроводного консорциума
После завершения планово-предупредительных работ введено в строй выносное причальное устройство (ВПУ), сообщила администрация Каспийского трубопроводного консорциума - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.03.2025
Жазылу
АСТАНА, 19 наурыз – Sputnik. Киев режимі Ресей-АҚШ келіссөзіаяқталғаннан кейін бірнеше сағат өткен соң мұнайды теміржол цистерналарынан Каспий құбыр консорциумы құбыр жүйесіне ауыстырып тиейтін базаға шабуыл жасады, деп хабарлады Ресей қорғаныс министрлігі.
Кеше Ресей Федерациясы мен АҚШ президенттері энергетикалық инфрақұрылымға шабуылды уақытша тоқтату туралы келісім жасаған болатын.

"Ұшақ үлгісіндегі 3 ұшқышсыз ұшу аппараты Краснодар өлкесінің Кавказская станицасында орналасқан энергетикалық инфрақұрылым нысанына соққы берді. Мұнайды ауыстыру тиеу пункті аумағына украиналық ұшқышсыз ұшу аппаратының құлауы салдарынан мұнай құйылған бір резервуар ашылып, 1700 шаршы метр аумақта өрт шықты", - деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.

19 ақпанда Киев режимі "Кропоткинская" мұнай айдау станциясына ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолданып шабуыл жасаған болатын. Шабуыл салдарынан станция зақымданып, істен шықты.
"Бұл АҚШ президентінің бейбітшілік бастамаларын бұзуға бағытталған кезекті арнайы дайындалған арандату әрекеті екені анық", - деп атап өтті қорғаныс министрлігі.
Ресей Әуе қорғанысы күштеріне ұшқышсыз ұшатын аппараттарды залалсыздандыруға бұйрық берілді, олардың алтауы "Панцирь" әуе қорғанысы зымыран-зеңбірек жүйесімен, ал біреуі Ресей Әуе ғарыш күштерінің кезекші жойғыш ұшағымен атып түсірілді.
Президент США Дональд Трамп пожимает руку президенту России Владимиру Путину в конце пресс-конференции после их встречи в Президентском дворце в Хельсинки, Финляндия, 16 июля 2018 года. (Фото AP/Александр Земляниченко, архив) - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.03.2025
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Путин энергетикалық нысандарға соққы беруді 30 күнге тоқтатты
Жаңалықтар
0