АСТАНА, 19 наурыз – Sputnik. Қорғаныс министрлігінің бітімгершілік операциялар орталығы (KAZCENT) қазақстандық бітімгерлердің Голан жотасына бару үшін қалай дайындалып жатқанын көрсетті.Болашақ бітімгерлер бақылау-өткізу пункттеріндегі тапсырмаларды орындап, базаны патрульдеу мен күзетуді, жарылғыш құрылғыларды ажыратуды үйренді.Екінші ротацияның бітімгершілік контингентінің командирі подполковник Жәнібек Нұрланов Голан жотасында тиімді қызмет ету үшін қандай білім мен тәжірибе маңызды екенін айтты.Соның ішінде бітімгершілік күштерінің жұмысына Ливан мен Ирактағы бұрынғы миссиялардың қалай әсер еткені жөнінде мәлімет берді."Осы елдерде алынған білім мен тәжірибе Голан жотасындағы қазақстандық контингенттің тиімділігін арттыру үшін пайдаланылады. Бұл миссиялар бітімгершілік күштерді дайындаудың маңызды кезеңі болды, олар қазір белсенді түрде қолданылып жатқан бірегей дағдыларды меңгеруге мүмкіндік берді", - деп атап өтті Қорғаныс министрлігінің өкілдері.Голан жотасында қазақстандықтар не істеп жатыр?Қазақстандық бітімгерлер 2024 жылдың 15 наурызынан бастап БҰҰ-ның бітімгершілік UNDOF операциясына қатысып жатыр.Қазақстандық контингент 557 жауынгерлік тапсырманы орындады, деп толықтырды ведомство.Контингент құрамында 139 қазақстандық әскери қызметші бар, оның 4-уі әйел.
Голан жотасында жүрген қазақстандық контингент 2024 жылдың наурыз айынан бері 557 жауынгерлік миссияны орындады
АСТАНА, 19 наурыз – Sputnik. Қорғаныс министрлігінің бітімгершілік операциялар орталығы (KAZCENT) қазақстандық бітімгерлердің Голан жотасына бару үшін қалай дайындалып жатқанын көрсетті.
Болашақ бітімгерлер бақылау-өткізу пункттеріндегі тапсырмаларды орындап, базаны патрульдеу мен күзетуді, жарылғыш құрылғыларды ажыратуды үйренді.
Екінші ротацияның бітімгершілік контингентінің командирі подполковник Жәнібек Нұрланов Голан жотасында тиімді қызмет ету үшін қандай білім мен тәжірибе маңызды екенін айтты.
Соның ішінде бітімгершілік күштерінің жұмысына Ливан мен Ирактағы бұрынғы миссиялардың қалай әсер еткені жөнінде мәлімет берді.
"Бітімгер" оқу-жаттығу орталығында баспасөз туры өтті
"Осы елдерде алынған білім мен тәжірибе Голан жотасындағы қазақстандық контингенттің тиімділігін арттыру үшін пайдаланылады. Бұл миссиялар бітімгершілік күштерді дайындаудың маңызды кезеңі болды, олар қазір белсенді түрде қолданылып жатқан бірегей дағдыларды меңгеруге мүмкіндік берді", - деп атап өтті Қорғаныс министрлігінің өкілдері.
Голан жотасында қазақстандықтар не істеп жатыр?
Қазақстандық бітімгерлер 2024 жылдың 15 наурызынан бастап БҰҰ-ның бітімгершілік UNDOF операциясына қатысып жатыр.
Қазақстандық контингент 557 жауынгерлік тапсырманы орындады, деп толықтырды ведомство.
Бітімгерлер қандай тапсырмаларды орындап жатыр?
Патрульдеу: жағдайды жедел бақылау үшін 458 патруль.
Бітімгершілік базасын нығайту: базалық қауіпсіздікті нығайту және күшейту бойынша 3 операция.
Эвакуациялау: тұрақсыз жағдайда адам өмірін сақтау үшін азаматтық және әскери қызметкерлерді эвакуациялау бойынша 4 операция.
Жарылғыш оқ-дәрілерді жою бойынша операциялар: 240-тан астам жарылғыш объектілерді жоюға көмектескен 15 операция.
Әскери және гуманитарлық жүктерді алып жүру: жүктерді қауіпсіз алып жүру бойынша 66 операция.
Базаны басып алудың алдын алу: Сирия Араб Республикасындағы тұрақсыздық кезінде контингент бітімгершілік базаның позициясын нығайта отырып, базаны көтерілісшілердің басып алуына жол бермеді.
Контингент құрамында 139 қазақстандық әскери қызметші бар, оның 4-уі әйел.