https://sputnik.kz/20250319/qazaqstan-men-qytay-su-resurstary-salasynda-ozara-tusinistik-memorandumyna-qol-qoydy-51730794.html
Қазақстан мен Қытай су ресурстары саласында өзара түсіністік меморандумына қол қойды
Қазақстан мен Қытай су ресурстары саласында өзара түсіністік меморандумына қол қойды
Sputnik Қазақстан
Құжат суды ұтымды және тұрақты пайдалану, заманауи технологияларды енгізу бағыттарындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайтуды көздейді 19.03.2025, Sputnik Қазақстан
2025-03-19T08:06+0500
2025-03-19T08:06+0500
2025-03-19T08:06+0500
қазақстан
қытай
https://sputnik.kz/img/07e7/05/1e/35438363_0:0:3500:1969_1920x0_80_0_0_b073aa6e764c9ac3ff9980cc978ae5cf.jpg
АСТАНА, 19 наурыз - Sputnik. Қазақстанның су ресурстары және ирригация министрлігі мен Қытайдың су шаруашылығы министрлігі алғаш рет су ресурстары саласында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.Меморандумға су ресурстары және ирригация вице-министрі Нұрлан Алдамжаров пен ҚХР су шаруашылығы министрінің орынбасары Ли Ляншэн қол қойды. Құжат суды ұтымды және тұрақты пайдалану, заманауи технологияларды енгізу, баламалы су көздерін бөлу және оны игеру, сондай-ақ тәжірибе алмасу және бірлесіп маман даярлау бағыттарындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайтуды көздейді.
https://sputnik.kz/20250318/qazaqstan-men-zhaponiya-arasyndagy-ukimetaralyq-komissiya-otyrysyn-astanada-otkizu-usynyldy-51687533.html
қазақстан
қытай
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/05/1e/35438363_438:0:3063:1969_1920x0_80_0_0_b2b45bd6d7b7722cd5d00ee6d80b62c8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, қытай
Қазақстан мен Қытай су ресурстары саласында өзара түсіністік меморандумына қол қойды
Құжат суды ұтымды және тұрақты пайдалану, заманауи технологияларды енгізу бағыттарындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайтуды көздейді
АСТАНА, 19 наурыз - Sputnik. Қазақстанның су ресурстары және ирригация министрлігі мен Қытайдың су шаруашылығы министрлігі алғаш рет су ресурстары саласында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
Меморандумға су ресурстары және ирригация вице-министрі Нұрлан Алдамжаров пен ҚХР су шаруашылығы министрінің орынбасары Ли Ляншэн қол қойды. Құжат суды ұтымды және тұрақты пайдалану, заманауи технологияларды енгізу, баламалы су көздерін бөлу және оны игеру, сондай-ақ тәжірибе алмасу және бірлесіп маман даярлау бағыттарындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайтуды көздейді.
"Бір жыл бұрын менің Қытайға жұмыс сапарым аясында біз Қытай тарапымен ынтымақтастық және өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қою туралы уағдаластық. Қос тарап бірден келісім жобасын әзірлеуге кірісті. Су ресурстары мәселелеріндегі ынтымақтастық маңызды ресурсты тиімді пайдалануға, суды есепке алу мен үнемдеудің озық технологияларын енгізуге, су саласы мамандарының біліктілігін арттыруға ықпал етеді", – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.