https://sputnik.kz/20250319/byltyr-auyl-sharuashylygy-salasynda-qansha-tonna-onim-eksporttaldy-51763355.html
Былтыр ауыл шаруашылығы саласында қанша тонна өнім экспортталды
Былтыр ауыл шаруашылығы саласында қанша тонна өнім экспортталды
Sputnik Қазақстан
Негізгі нарықтар қатарына Орталық Азия елдері, ЕАЭО, Иран, Түркия, Қытай және ЕО елдері кіреді 19.03.2025, Sputnik Қазақстан
2025-03-19T20:45+0500
2025-03-19T20:45+0500
2025-03-19T20:45+0500
ауыл шаруашылығы
экспорт
еаэо
https://sputnik.kz/img/07e5/09/08/18071269_0:32:2950:1691_1920x0_80_0_0_32d313b307405e6a87ed347fa7741029.jpg.webp
АЛМАТЫ, 19 наурыз – Sputnik. Қазақстан былтыр 16 млн тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімін экспорттады. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте айтылды, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігі.Кейінгі 5 жылда ауыл шаруашылығы өнімдері экспортының көлемі 51%-ке артып, 5,1 млрд долларға жеткен. Экспорт аумағы 66 мемлекетті қамтып, өңделген өнімдердің үлесі 52% болды. Негізгі нарықтар қатарына Орталық Азия елдері, ЕАЭО, Иран, Түркия, Қытай және ЕО елдері кіреді.Жиында астық экспорты мәселелеріне ерекше назар аударылды. Былтыр 8,1 млн тонна астық экспортталды.Өткен жылғы қыркүйек пен биылғы 18 наурызға дейін Орталық Азия елдері: Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстанға және Қытай, Ауғанстан мен Еуропа елдеріне 6,3 млн тонна жаңа өнім экспортталды. Оның ішінде Иранға сәйкес кезеңде 741 мың тонна жіберілді, бұл көрсеткіш 17 есе өсті. Сондай-ақ Әзербайжанға 5 жылда алғаш рет астық көп экспортталды.
https://sputnik.kz/20240917/nemis-investitsiyasy-ekonomikanyn-turli-salasyna-on-aser-etip-otyr--toqaev-47159098.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/09/08/18071269_122:0:2851:2047_1920x0_80_0_0_bd6e50ea58f06e8110a9bbf1795da55b.jpg.webpSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ауыл шаруашылығы, экспорт, еаэо
ауыл шаруашылығы, экспорт, еаэо
Былтыр ауыл шаруашылығы саласында қанша тонна өнім экспортталды
Негізгі нарықтар қатарына Орталық Азия елдері, ЕАЭО, Иран, Түркия, Қытай және ЕО елдері кіреді
АЛМАТЫ, 19 наурыз – Sputnik. Қазақстан былтыр 16 млн тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімін экспорттады. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте айтылды, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Кейінгі 5 жылда ауыл шаруашылығы өнімдері экспортының көлемі 51%-ке артып, 5,1 млрд долларға жеткен. Экспорт аумағы 66 мемлекетті қамтып, өңделген өнімдердің үлесі 52% болды. Негізгі нарықтар қатарына Орталық Азия елдері, ЕАЭО, Иран, Түркия, Қытай және ЕО елдері кіреді.
"Былтыр ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты 5,1 млрд доллар болды. Табиғи көрсеткіш бойынша өсім 3,9%-ке, ал көлемі 16,1 млн тоннаға жетті. Негізгі экспортталатын тауарлар қатарында бидай, арпа, зығыр тұқымы, сиыр және қой еті, мұздатылған балық, бидай ұны, күнбағыс майы, газдалған су, мақта талшығы және басқа да өнімдер бар", - деп жазды ведомство.
Жиында астық экспорты мәселелеріне ерекше назар аударылды. Былтыр 8,1 млн тонна астық экспортталды.
Өткен жылғы қыркүйек пен биылғы 18 наурызға дейін Орталық Азия елдері: Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстанға және Қытай, Ауғанстан мен Еуропа елдеріне 6,3 млн тонна жаңа өнім экспортталды. Оның ішінде Иранға сәйкес кезеңде 741 мың тонна жіберілді, бұл көрсеткіш 17 есе өсті. Сондай-ақ Әзербайжанға 5 жылда алғаш рет астық көп экспортталды.