Астанада 7 мыңнан астам кәсіпкер сенбілікке шықты

© Sputnik / Александр Кряжев / Медиабанкке өтуМетлы и веники, архивное фото
Метлы и веники, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.03.2025
Жазылу
Экологиялық науқан аясында көшелер тазартылды, көпірлер, қоршаулар, жаяу жүргіншілер жолы, жол және белгілер жуылды
АСТАНА, 19 наурыз – Sputnik. Наурызнаманың онкүндігі аясындағы Жаңару күнінде 7 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектінің өкілі ауқымды сенбілікке шықты, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
Шағын және орта бизнес өкілдері, оның ішінде сауда орталықтары, №1 Индустриалды парктің өндірістік нысандары, қонақ үйлер, салондар, дәмханалар, дүкендер және басқа да ұйымдар өз нысандарына іргелес аумақтарды тазартып, абаттандыруға үлес қосты.
Экологиялық науқан аясында көшелер тазартылды, көпірлер, қоршаулар, жаяу жүргіншілер жолы, жол және белгілер жуылды, сондай-ақ нөсер кәріз желілері тазартылып, рұқсат етілмеген үйінділер жойылды. Елордада тазалық пен тәртіпті қамтамасыз етуге тұрғындар белсенді үлес қосуда. Қала тұрғындары да аулаларын тазалауға шықты.
Астана әкімдігі елордалық кәсіпкерлер үшін жыл мезгілдері бойынша бөлінген қалада тазалық пен тәртіпті сақтау бойынша ұсыныстары бар чек-парақтар әзірледі. Бұл қалада тазалық пен тәртіпті сақтауға 230 мыңнан астам ШОБ субъектісін тартуға бағытталған.
Президент қалалық сенбілікке қатысты - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.04.2024
Президент қалалық сенбілікке қатысты - фото
Жаңалықтар
0