Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаМемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.03.2025
Жазылу
Жиында терроризмге және экстремизмге қарсы күрестің өзекті мәселелері қарастырылды
АСТАНА, 18 наурыз – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлады Ақорда.
Жиында Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын жүзеге асыру үшін қабылданған Ұлттық қауіпсіздік тәуекелдерін басқару жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған іс-қимыл жоспарына сай былтырғы атқарылған жұмыстардың нәтижелері қарастырылды.
Үкімет пен бірқатар салалық мемлекеттік органның басшылары негізгі көрсеткіштердің орындалуы туралы мәлімет берді. Кеңес отырысында әлі де пысықтауды қажет ететін, соның ішінде қоғамдық, экономикалық, экологиялық және ақпараттық қауіпсіздік бағытындағы мәселелер талқыланды.
"Президент Ұлттық қауіпсіздік стратегиясының іске асырылуы нақты нәтижелермен бағалануға тиіс екеніне назар аударды. Оның қоғам үшін маңызы зор. Бұл ретте барлық саланы дамыту барысында азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздік факторы ескерілуге тиіс", - деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар жиында терроризмге және экстремизмге қарсы күрестің өзекті мәселелері қарастырылды.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаев террористік және экстремистік әрекеттердің қаупін азайту, сондай-ақ терроризмге қарсы қорғанысты күшейту үшін қабылданып жатқан шаралар жөнінде баяндады.
Отырыс қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға нақты тапсырма берілді.
Президент Касым-Жомарт Токаев принял генерального директора СNNC Шэнь Яньфэна - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.03.2025
Тоқаев CNNC тәжірибесіне Қазақстанның қызығушылық танытып отырғанын айтты
Жаңалықтар
0