Карлсон АҚШ-та RT-нің жабылуын сөз бостандығына қол сұғу деп атады

© Sputnik / Gavriil Grigorov/POOL / Медиабанкке өтуАмериканский журналист, основатель видеоплатформы Tucker Carlson Network Такер Карлсон
Американский журналист, основатель видеоплатформы Tucker Carlson Network Такер Карлсон - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.03.2025
Жазылу
АСТАНА, 18 наурыз – Sputnik. Америкалық журналист Такер Карлсон АҚШ-тың бұрынғы президенті Джо Байден әкімшілігінің АҚШ-та RT телеарнасын жабуын АҚШ Конституциясының бірінші түзетуінде бекітілген сөз бостандығына қол сұғу деп атады. бұл туралы РИА Новости жазды.
"Олар Ресейді жаман, Путиннің агенттері (RT журналистері – ред.) дейді. Шынын айтсам, маған бәрібір, алайда олар Конституцияның күшін жоя алмайды, өйткені ондай құқық берілмеген. Конституция олар билікке келгенге дейін болған, кеткеннен кейін де болады деп үміттенемін. Сондықтан мен олардың Бірінші түзетуді қашан жойғанын білмеймін немесе түсінбеймін", - деді Карлсон америкалық журналист Рик Санчеспен сұхбатында.
Олар Байден салған санкциялар аясында RT-нің АҚШ-тағы жұмысын не себепті тоқтатқанын талқылады.
Қыркүйекте АҚШ-тың сол кездегі мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен RT-ні басқа елдердің ісіне араласу үшін "жасырын операцияларға" қатысты деп айыптады. Ол АҚШ RT-ге тағылған айыптарға байланысты үш ұйым мен екі жеке тұлғаға қарсы санкция салатынын айтты.
Илон Маск  - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.02.2024
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Илон Маск Путиннің Такер Карлсонға берген сұхбатын көруге кеңес берді
Жаңалықтар
0