Астанада Наурыз мейрамында төрт ел киіз үй тігеді

© Sputnik / Владимир Пирогов / Медиабанкке өтуКиіз үй
Киіз үй - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.03.2025
Жазылу
Сондай-ақ этникалық стильдегі картиналар да көрмеге қойылады
АСТАНА, 18 наурыз– Sputnik. Астанада Наурыз мейрамы аясында көршілес төрт елдің киіз үйі тігіледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Өзбекстан, Түрікменстан, Тәжікстан мен Қырғызстанның киіз үйлері Нұра ауданында 22 наурызда орнатылады.
"Бұл күні "Хан Шатыр" сауда орталығына қарама-қарсы орналасқан "Ғашықтар" саябағында 4 елдің елшілігі ұлттық стильде киіз үйлерін тігіп, астаналықтарды өз мәдениетіндегі Наурыз мерекесін тойлаудың ерекшелігімен таныстырады", - делінген ресми хабарламада.
Жалпы, Нұра ауданында мереке 20 наурызда басталады. Сол күні және 22 наурызға дейін сағат 12:00-ден бастап "Астана Арена" стадионы алдындағы алаңда ұлттық нақышта киіз үйлер тігіліп, қолөнершілердің сауда орындары ашылады, сол сияқты концерттік бағдарлама өтеді. Ұлттық спорт түрлерінен жарыстар да ұйымдастырылады. Естелік фотосуретке түсу үшін бүркітшілер, тазылар, түйелер мен жылқылар, тақырыптық фотоаймақтар болады.
"Сондай-ақ этникалық стильдегі картиналар да көрмеге қойылады. Тұрғындар 22 наурыз күні сағат 12:00-ден бастап өзбек, түрікмен, тәжік, қырғыз палауы мен ұлттық сусындарды сатып ала алады", - дейді әкімдік қызметкерлері.
Жаңалықтар
0