900 ауыл мектебінің шатыры мен терезесі жаңартылады

Мектеп кітапханасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.03.2025
Жазылу
2023 және 2024 жылдары елімізде 510 мың орындық 422 мектеп салынды
АСТАНА, 18 наурыз – Sputnik. "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында 2025 жылдың соңына дейін 460 мың орындық 217 мектеп пайдалануға беріледі, деп хабарлады оқу-ағарту министрлігі.
Ведомство мәліметінше, 2024 жылдың өзінде жаңа форматтағы 105 мектеп оқушылар мен ұстаздарға есігін айқара ашты. Бұл мектептердің 40%-ы ауылдық жерде орналасқан. 2025 жылдың соңына дейін тағы 112 жайлы мектептің құрылысын аяқтау жоспарлануда.
Жемқорлардан тәркіленген қаржы есебінен толықтырылатын арнайы қордың арқасында 100 мың оқушы орнына арналған 89 мектептің құрылысы қаржыландырылды. Оның 74,4 мың орындық 61 мектебінде бүгінде балалар білім алуда.
Сонымен қатар, аудан орталықтары мен ауылдарда 1000 мектепті модернизациялау жеті бағыт бойынша жалғасуда. Соңғы үш жылда 4 мыңнан астам мектептің материалдық-техникалық базасы жаңартылды, 2 мыңнан астам мектепке STEM, физика, биология, химия, ротоботехника заманауи кабинеттері орнатылды.
"Мемлекетпен қабылданған теңдессіз шаралар мектептерде бала тығыздығы мен үшауысымды айтарлықтай шешуге мүмкіндік берді. Бүгінде 3 мыңға жуық мектеп бір ауысымда, ал 4,9 мектеп екі ауысымда жұмыс жасауда. 2025 жылы тағы 300 мың орындық 200 мектептің салынуы жоспарлануда",- деп хабарлады ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ресми өкілі Мереке Амангелдіқызы.
Мектеп инфрақұрылымын бірыңғай форматқа келтіру аясында 1300-ге жуық мектеп реновациядан өтеді. Оның ішінде 900 ауыл мектебі бар.
Министрлік хабарламасына сәйкес, бұл жоба үш жылға жоспарланған және тоғыз басты бағыт бойынша жүзеге асырылады. Оның аясында мектептердің шатырлары ауыстырылады, сыртқы қасбеттері мен терезелері жаңартылады, инженерлік коммуникация желілері күрделі жөндеуден өтеді. Сондай-ақ мектеп аумағы абаттандырылып, көгалдандырылады.
В честь праздника школам Туркестанской области предоставили 71 автобуc - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.01.2025
Алматыда биыл тағы 100 мектеп автобусы сатып алынады
Жаңалықтар
0