Жыл басынан бері 174 адам COVID жұқтырды

© AFP 2024 / CHRISTOF STACHEКоробка с пузырьками с вакцинами от коронавируса
Коробка с пузырьками с вакцинами от коронавируса  - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.03.2025
Жазылу
Эпидемиологиялық маусымның басынан бастап Қазақстанда 3,6 млн-нан астам адам ЖРВИ-мен ауырған
АЛМАТЫ, 17 наурыз – Sputnik. Биыл Қазақстанда COVID-19 коронавирустық инфекциясын 174 адам (169 КВИ+, 5 КВИ-) жұқтырды, қайтыс болғандар жоқ, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
"Былтырғы дәл осы кезеңмен салыстырғанда сырқаттанғандар саны 6 есе төмендеген. Жалпы биыл эпидемиологиялық маусымның басынан бастап Қазақстанда 3,6 млн-нан астам адам ЖРВИ-мен ауырған, бұл өткен маусымның ұқсас кезеңімен салыстырғанда 13%-ке аз", - деп жазылған хабарламада.
Тұмауға қарсы 2,3 млн астам адам екпе алған. Бұл ДДҰ ұсынған 10%-тен кем емес.
Биыл эпидемиялық маусымның басынан бастап республика бойынша ЖРВИ тудыратын вирустарға 15 270 үлгі зерттелді, әртүрлі вирустар, соның ішінде риновирус, вирус, аденовирус, парагрипп, метапневмовирус, бокавирус және тағы басқалар анықталды.
Жалпы, ЖРВИ, тұмау, КВИ ауруларының алдын алу үшін денсаулық сақтау министрлігі халыққа адамдар көп жиналатын орындарға, әсіресе жабық кеңістіктерге баруды шектеуді ескертті.
Врач записывает данные пациента для теста на коронавирус - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.01.2025
Метапневмовирус Қазақстанда да анықталды
Жаңалықтар
0