Теміржолды жөндеу жұмыстары басталды

© SputnikЖелезная дорога
Железная дорога - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.03.2025
Жазылу
Биыл 1 480 шақырым теміржол төсемі жаңғыртылады
АСТАНА, 17 наурыз – Sputnik. "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы жыл сайынғы маусымдық жөндеу-жол жұмыстары басталғанын хабарлады.
Биыл 1 480 шақырым теміржол төсемі жаңғыртылады. Оның ішінде 512,7 шақырымы түгелімен жаңартылады.
"Еліміздің барлық өңірінде жол жөндеу кестеге сәйкес жүргізіледі. Бүгін күрделі сипаттағы жұмыстар Алматы, Жамбыл жол бөлімшелерінің шекараларында Шілбастау – Қопа, Шолдала – Құмшағал – Тараз учаскелерінде басталды", - деп жазылған компанияның хабарламасында.
19 наурызда Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесінің Сай-Өтес – 7 Рзд аралығында жөндеуді бастау жоспарлануда. Бір аптадан кейін атыраулық теміржолшылар 4 Рзд.– 5Рзд. – Ганюшкино учаскесіндегі инфрақұрылымды жаңартуды бастайды.
Күрделі жаңартудан басқа, теміржолшылар жолды күшейтілген орташа және орташа жөндеуді орындайды. Бағыттамалық бұрмалар ауыстырылады. Рельс тіректері, рельс жолтабаны ауыстырылады және т.б. іс-шаралар орындалады. Жол жұмыстары арнайы техниканың (Duomatic, Unimat MF, түзету-ұру-тегістеу машиналары, рельсті тегістеу пойыздары және т.б.) көмегімен жүргізіледі.
Жаңалықтар
0