Президент Назым Қызайбайды жеңісімен құттықтады

© Photo : пресс-служба Казахстанской федерации бокса, Данияр МайлыбаевНазым Кызайбай
Назым Кызайбай - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.03.2025
Жазылу
Бұл – айтулы жетістік, деді мемлекет басшысы
АСТАНА, 17 наурыз – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық боксшы Назым Қызайбайды тарихи жеңісімен құттықтады, деп хабарлады Ақорда.
"Назым Қызайбайды отандық бокс тарихында тұңғыш рет үш дүркін Әлем чемпионы болуымен құттықтаймын. Бұл – айтулы жетістік! Сербияда өтіп жатқан Әлем біріншілігінде үздік нәтиже көрсеткен Ұлттық құрама мүшелеріне алғыс айтамын. Спортшы қыздарымыздың алдағы уақытта да үлкен жеңістерге жете беруіне тілектестік білдіремін", – деп жазды Мемлекет басшысы әлеуметтік желідегі өз парақшасында.
Еске салайық, 2024 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Назым Қызайбай бокстан Сербияның Ниш қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының финалында жеңіске жетті.
Назым Кызайбай - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.08.2024
Назым Қызайбай елге оралды
Жаңалықтар
0