https://sputnik.kz/20250317/eks-deputat-memleket-qarazhatyn-kazinoga-utylgan-51659417.html
Экс-депутат мемлекет қаражатын казиноға ұтылған
Экс-депутат мемлекет қаражатын казиноға ұтылған
Sputnik Қазақстан
Қылмыстық жолмен алған табысқа ол Алматы қаласынан екі бөлмелі пәтер және "Toyota Highlander" автокөлігін сатып алған 17.03.2025, Sputnik Қазақстан
2025-03-17T12:15+0500
2025-03-17T12:15+0500
2025-03-17T12:15+0500
қаражат
казино
https://sputnik.kz/img/07e4/09/0f/14965386_0:163:3065:1887_1920x0_80_0_0_2743cd4624635c850046076be1e91418.jpg
АСТАНА, 17 наурыз - Sputnik. Алматы облысы Қарасай аудандық маслихатының экс-депутатына қатысты тергеу басталды, деп хабарлайды қаржы мониторингі агенттігі.Оған қатысты аса ірі көлемде алаяқтық және қылмыстық кірістерді заңдастыру фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.Мемлекеттен субсидия алу мақсатында күдікті Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасына "Награда" түріндегі таңқурай көшеттерін сатып алу туралы 947 млн теңгеге жалған құжаттар ұсынған.Жалған келісімдер мен төлем құжаттары негізінде 431 млн теңге қолма-қол қаражат алған."Сонымен қатар ұрланған қаражаттарды заңды айналымға тарту мақсатында ол жұбайының атынан бағалы қағаздармен операциялар жүргізіп, қосымша 89 млн теңге қылмыстық табыс тапқан", - дейді агенттіктегілер.Қылмыстық жолмен алған табысқа ол Алматы қаласынан екі бөлмелі пәтер және "Toyota Highlander" автокөлігін сатып алған.Бұл мүлікке, сондай-ақ 50 млн теңге ақша және 91 млн теңге құны бар бағалы қағаздарға тыйым салынды.
https://sputnik.kz/20250105/1-mlrd-tenge-zhymqyrdy-degen-kudikke-ilingen-vitse-ministrdin-isi-sotqa-zhiberildi-49746930.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/09/0f/14965386_166:0:2897:2048_1920x0_80_0_0_fa3e44147d42acd286ef39503d6b2ce1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қаражат, казино
Экс-депутат мемлекет қаражатын казиноға ұтылған
Қылмыстық жолмен алған табысқа ол Алматы қаласынан екі бөлмелі пәтер және "Toyota Highlander" автокөлігін сатып алған
АСТАНА, 17 наурыз - Sputnik. Алматы облысы Қарасай аудандық маслихатының экс-депутатына қатысты тергеу басталды, деп хабарлайды
қаржы мониторингі агенттігі.
Оған қатысты аса ірі көлемде алаяқтық және қылмыстық кірістерді заңдастыру фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.
Мемлекеттен субсидия алу мақсатында күдікті Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасына "Награда" түріндегі таңқурай көшеттерін сатып алу туралы 947 млн теңгеге жалған құжаттар ұсынған.
"Ол 474 миллион теңге деп көрсетілген соманың 50% көлемінде заңсыз субсидия алған. Бұл кірістерді жылыстату үшін күдікті 21 жеке кәсіпкермен көшеттерді орау, тиеу, түсіру жұмыстарын орындау үшін жалған келісімшарттармен көп деңгейлі схема әзірлеген, бірақ іс жүзінде бұл жұмыстар орындалмаған", - дейді ведомстводағылар.
Жалған келісімдер мен төлем құжаттары негізінде 431 млн теңге қолма-қол қаражат алған.
"Сонымен қатар ұрланған қаражаттарды заңды айналымға тарту мақсатында ол жұбайының атынан бағалы қағаздармен операциялар жүргізіп, қосымша 89 млн теңге қылмыстық табыс тапқан", - дейді агенттіктегілер.
Қылмыстық жолмен алған табысқа ол Алматы қаласынан екі бөлмелі пәтер және "Toyota Highlander" автокөлігін сатып алған.
Бұл мүлікке, сондай-ақ 50 млн теңге ақша және 91 млн теңге құны бар бағалы қағаздарға тыйым салынды.
"Сонымен қатар мемлекеттен ұрланған 170 млн теңгені күдікті Қонаев қаласындағы казиноға құртқаны белгілі болды. Соттың санкциясымен күдікті 2 айға қамауға алынды", - дейді агенттіктегілер.