https://sputnik.kz/20250316/zhetisu-oblysynda-nauryz-meyramy-ayasynda-rekord-ornatyldy-51640074.html
Жетісу облысында Наурыз мейрамы аясында рекорд орнатылды
Жетісу облысында Наурыз мейрамы аясында рекорд орнатылды
Sputnik Қазақстан
Елімізде үш жүзден астам баланың тұсауын бір мезгілде кесу рәсімі алғаш рет Жетісу облысында өткізілді 16.03.2025, Sputnik Қазақстан
2025-03-16T14:51+0500
2025-03-16T14:51+0500
2025-03-16T14:51+0500
наурыз мейрамы
https://sputnik.kz/img/07e9/03/10/51638699_0:162:947:694_1920x0_80_0_0_c7b57dbded2fe73e599d4fef0b5a4444.jpg
АСТАНА, 16 наурыз– Sputnik. Жетісу облысында Наурыз мейрамы аясында ең үлкен тұсаукесер рәсімі өткізілді, бір мезгілде 336 баланың тұсауы кесілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.Бүгінгі тұсаукесер Қазақстанның рекордтар кітабына енгізілді. Мерекелік рәсім Қыдыр ата кейпіндегі қарияның көпке бата беруімен басталды.Ал облыстың аудан-қалалары Спорт сарайындағы іс-шараға бейнебайланыс арқылы қосылды. Осылайша, Кербұлақ, Көксу, Қаратал, Ескелді, Алакөл, Сарқан аудандарында 30 баладан, Ақсу ауданы мен Текелі қаласында 20 баладан, сондай-ақ Талдықорған қаласында 80-нен астам бала – жалпы саны 336 баланың тұсауы бір мезгілде кесілді.Үшемнің анасы Сенбай Тұрсынбек те сәбилерінің тұсауын кесуге арнайы алып келді."Отбасымызда алты баламыз бар, тұңғышымыз Дарын 13 жаста, ол да бүгін менімен бірге келді. Күйеуім аспаз болып жұмыс істейді. Бүгін осы мереке күні үш кішкентайым - Дархан, Диана, Дарияның тұсауын кескіздім. Бұл рәсімнің дәл Наурыз күндерінде атқарылғанын жақсыға балап отырмын. Балаларымның алдағы болашақ жолы үшін жақсы бір белгі деп санаймын",- дейді көпбалалы ана.Ал Қаратал ауданында тұсауы кесілген 30 балаға байғазы ретінде қозы таратылды."Біздің отбасымыз үшін бүгін қуаныш, қызымыз алғашқы қадамын жасады. Наурыз мерекесімен, Қасиетті Рамазан айымен тұспа-тұс келген жақсылыққа әулетіміз ерекше қуанып отыр. Ұйымдастырушыларға үлкен рахмет. Бүгін қызыма сыйға тартылған кішкентай қозысы енді өзімен бірге шапқылап, ойнап өсетін болды",-деп атап өтті "Алтын алқа" иегері Лида Жанбота.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/03/10/51638699_0:5:946:715_1920x0_80_0_0_1dadc4bdef1bd413735be145cbc0b8f2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
наурыз мейрамы
Жетісу облысында Наурыз мейрамы аясында рекорд орнатылды
Елімізде үш жүзден астам баланың тұсауын бір мезгілде кесу рәсімі алғаш рет Жетісу облысында өткізілді
АСТАНА, 16 наурыз– Sputnik. Жетісу облысында Наурыз мейрамы аясында ең үлкен тұсаукесер рәсімі өткізілді, бір мезгілде 336 баланың тұсауы кесілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық әкімдіктің ресми
сайтына сілтеме жасап.
Бүгінгі тұсаукесер Қазақстанның рекордтар кітабына енгізілді. Мерекелік рәсім Қыдыр ата кейпіндегі қарияның көпке бата беруімен басталды.
Ал облыстың аудан-қалалары Спорт сарайындағы іс-шараға бейнебайланыс арқылы қосылды. Осылайша, Кербұлақ, Көксу, Қаратал, Ескелді, Алакөл, Сарқан аудандарында 30 баладан, Ақсу ауданы мен Текелі қаласында 20 баладан, сондай-ақ Талдықорған қаласында 80-нен астам бала – жалпы саны 336 баланың тұсауы бір мезгілде кесілді.
"Елімізде үш жүзден астам баланың тұсауын бір мезгілде кесу алғаш рет Жетісу облысында өткізіліп отыр. Сондықтан бұл факт Қазақстанның рекордтар кітабына енгізілді",-деді рекордтарды тіркеу комиссиясының мүшесі Бақытжан Тастүлеков.
Үшемнің анасы Сенбай Тұрсынбек те сәбилерінің тұсауын кесуге арнайы алып келді.
"Отбасымызда алты баламыз бар, тұңғышымыз Дарын 13 жаста, ол да бүгін менімен бірге келді. Күйеуім аспаз болып жұмыс істейді. Бүгін осы мереке күні үш кішкентайым - Дархан, Диана, Дарияның тұсауын кескіздім. Бұл рәсімнің дәл Наурыз күндерінде атқарылғанын жақсыға балап отырмын. Балаларымның алдағы болашақ жолы үшін жақсы бір белгі деп санаймын",- дейді көпбалалы ана.
Ал Қаратал ауданында тұсауы кесілген 30 балаға байғазы ретінде қозы таратылды.
"Біздің отбасымыз үшін бүгін қуаныш, қызымыз алғашқы қадамын жасады. Наурыз мерекесімен, Қасиетті Рамазан айымен тұспа-тұс келген жақсылыққа әулетіміз ерекше қуанып отыр. Ұйымдастырушыларға үлкен рахмет. Бүгін қызыма сыйға тартылған кішкентай қозысы енді өзімен бірге шапқылап, ойнап өсетін болды",-деп атап өтті "Алтын алқа" иегері Лида Жанбота.