Қостанай облысында республикалық маңызы бар жолды су басты

© Sputnik / Елена БережнаяАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.03.2025
Жазылу
Су тасқыны болған жерде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылып, ескерту белгілері орнатылды
АСТАНА, 16 наурыз– Sputnik. Қостанай облысында республикалық маңызы бар KZ 10-05 "Мариновка ауылына кіреберіс" автожолын су басты. Бұл туралы ҚазАвтоЖол" хабарлады.
"16 наурыз сағат 11:00-де ауа температурасының күрт жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан Қостанай облысында республикалық маңызы бар KZ 10-05 "Мариновка ауылына кіреберіс" автожолының 9 шақырымында су тасқыны болды. Су басқан учаскенің ұзындығы шамамен 40 метрді, ал тереңдігі 10 см құрайды", - деп жазылған хабарламада.
Бұл учаске Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы бейтарап аумақтағы Желкуар өзенінің (құрғақ арна) бойында орналасқан. Көпір өткелінің болмауына байланысты аталған учаскеде жыл сайын су тасқыны қайталанып тұрады.
Су тасқыны болған жерде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылып, ескерту белгілері орнатылды. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 2 бірлік арнайы техника және 3 маман жұмылдырылды. Қазіргі таңда автожолда қозғалыс шектеулері жоқ.
Новый асфальт укладывали прямо на снег в Северном Казахстане - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.03.2025
Жетісу облысында жолды су шайып кетті
Жаңалықтар
0