https://sputnik.kz/20250316/abay-oblysyndagy-audanda-su-tasqynyna-qarsy-10-myn-qap-qum-dayyndaldy-51643263.html
Абай облысындағы ауданда су тасқынына қарсы 10 мың қап құм дайындалды
Абай облысындағы ауданда су тасқынына қарсы 10 мың қап құм дайындалды
Sputnik Қазақстан
Үржар ауданындағы Жаңа Тілек, Егінсу, Жоғарғы Егінсу, Тасарық ауылдарына тасқын қаупі бар 16.03.2025, Sputnik Қазақстан
2025-03-16T15:47+0500
2025-03-16T15:47+0500
2025-03-16T15:47+0500
абай облысы
әкімдік
https://sputnik.kz/img/07e9/03/10/51642921_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_77f53fa1b5553d69c8f7afd80a9394b1.jpg
АСТАНА, 16 наурыз – Sputnik. Абай облысының әкімі Берік Уәли жұмыс сапарымен Үржар ауданына барды, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.Аймақ басшысы әлеуметтік, мәдени нысандарды аралап, аудан орталығындағы әуежайдың жұмысымен танысты. Көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық барысын тексерді.Осы жерде облыс әкіміне көктемгі су тасқынына қарсы дайындық шаралары туралы баяндалды. Қазіргі таңда ауданда су арналарын, арықтарды тазалау, қар шығару жұмысы жалғасуда. Тасқынның алдын алуға 10 мың қап құм, 1200 тонна инертті материал дайындалған.Төтенше жағдай мамандарының айтуынша, аудандағы Жаңа Тілек, Егінсу, Жоғарғы Егінсу, Тасарық ауылдарына тасқын қаупі бар. Осыған орай Үржар ауданында жедел топ құрылды. Оған Төтенше жағдайлар департаменті мен әскери бөлімнің 50 адамы жұмылдырылған.Аймақ басшысы тиісті құрылымдарға көктемгі тасқынға дайындықты күшейтуді, өзендер мен су қоймаларын күнделікті қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.Аймақ басшысы тиісті құрылым жетекшілерінің тасқынға қарсы дайындық туралы есебін тыңдаған соң Қазымбет ауылындағы бірнеше үйді аралап, тұрғындармен пікірлесті.
https://sputnik.kz/20250315/su-tasqynyna-dayyndyq-batys-qazaqstan-oblysynda-18-gidrotekhnikalyq-qurylgy-zhondeldi-51625931.html
абай облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/03/10/51642921_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_e16bac9131e489231d8b807bb76586f4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
абай облысы, әкімдік
Абай облысындағы ауданда су тасқынына қарсы 10 мың қап құм дайындалды
Үржар ауданындағы Жаңа Тілек, Егінсу, Жоғарғы Егінсу, Тасарық ауылдарына тасқын қаупі бар
АСТАНА, 16 наурыз – Sputnik. Абай облысының әкімі Берік Уәли жұмыс сапарымен Үржар ауданына барды, деп хабарлады
әкімдіктің баспасөз қызметі.
Аймақ басшысы әлеуметтік, мәдени нысандарды аралап, аудан орталығындағы әуежайдың жұмысымен танысты. Көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық барысын тексерді.
"Облыс әкімі аудандағы жұмыс сапарын Қазымбет ауылынан бастады. Жақында Үржар ауданының таулы аймағындағы бірнеше ауылға қалыңдығы 1,5 метрге дейін қар жауған болатын. Осының салдарынан ағаштар құлап, электр сымдары үзіліп, аудандағы 13 елді мекен жарықсыз қалған еді. Оның ішінде Қазымбет ауылы да бар", - деп жазылған хабарламада.
Осы жерде облыс әкіміне көктемгі су тасқынына қарсы дайындық шаралары туралы баяндалды. Қазіргі таңда ауданда су арналарын, арықтарды тазалау, қар шығару жұмысы жалғасуда. Тасқынның алдын алуға 10 мың қап құм, 1200 тонна инертті материал дайындалған.
Төтенше жағдай мамандарының айтуынша, аудандағы Жаңа Тілек, Егінсу, Жоғарғы Егінсу, Тасарық ауылдарына тасқын қаупі бар. Осыған орай Үржар ауданында жедел топ құрылды. Оған Төтенше жағдайлар департаменті мен әскери бөлімнің 50 адамы жұмылдырылған.
Аймақ басшысы тиісті құрылымдарға көктемгі тасқынға дайындықты күшейтуді, өзендер мен су қоймаларын күнделікті қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.
"Үржар — қар қалың түсетін аудандардың бірі. Бірақ биыл жылдағыдан көп мөлшерде қар жауған екен. Сондықтан аудандағы барлық су арналарының, су өткізгіш құбырлардың таза, ашық болуын қадағалаңыздар. Ауыл ішіндегі, аудан орталығындағы қардың уақытында шығарылуын назарда ұстаңыздар", - деді облыс әкімі.
Аймақ басшысы тиісті құрылым жетекшілерінің тасқынға қарсы дайындық туралы есебін тыңдаған соң Қазымбет ауылындағы бірнеше үйді аралап, тұрғындармен пікірлесті.