https://sputnik.kz/20250315/zhauyn-shashyn-koktaygaq-16-nauryzda-aua-rayy-qanday-bolady-51630290.html
Жауын-шашын, көктайғақ: 16 наурызда ауа райы қандай болады
Жауын-шашын, көктайғақ: 16 наурызда ауа райы қандай болады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 15 наурыз– Sputnik. Қазгидромет 16 наурызға ауа райы болжамын ұсынды , деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 15.03.2025, Sputnik Қазақстан
2025-03-15T18:40+0500
2025-03-15T18:40+0500
2025-03-15T18:40+0500
ауа райы
https://sputnik.kz/img/07e7/03/06/32691322_0:56:3442:1992_1920x0_80_0_0_a973e1042a536ddaf6f522e1193eb0fd.jpg
АСТАНА, 15 наурыз– Sputnik. Қазгидромет 16 наурызға ауа райы болжамын ұсынды , деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Атлантикалық циклон ықпалынан Қазақстанның батысында, солтүстігінде, орталығында және оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын жауады. "Елдің шығысында, оңтүстігінде антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болады", - дейді синоптиктер.Республика бойынша тұман, желдің күшеюі және көктайғақ күтіледі.Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр аралас қар жауады, көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с дейін барады.Тура сондай ауа райы Қостанай облысында күтіледі. Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды, Ұлытау, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Атырау, Батыс Қазақстан, Алматы мен Жетісу облыстарында да тұман мен көктайғақ болады. Ал Солтүстік Қазақстанда түнде жаңбыр аралас қар жауса, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында жаңбыр түседі.Астана қаласында 16 наурыз жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Жолдарда көктайғақ болжанып отыр. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с-ке дейін жетеді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/03/06/32691322_356:0:3087:2048_1920x0_80_0_0_657edaf24b6d24b398be5826b416ef16.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ауа райы
Жауын-шашын, көктайғақ: 16 наурызда ауа райы қандай болады
АСТАНА, 15 наурыз– Sputnik. Қазгидромет 16 наурызға ауа райы болжамын ұсынды , деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Атлантикалық циклон ықпалынан Қазақстанның батысында, солтүстігінде, орталығында және оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын жауады.
"Елдің шығысында, оңтүстігінде антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болады", - дейді синоптиктер.
Республика бойынша тұман, желдің күшеюі және көктайғақ күтіледі.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр аралас қар жауады, көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с дейін барады.
Тура сондай ауа райы Қостанай облысында күтіледі. Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды, Ұлытау, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Атырау, Батыс Қазақстан, Алматы мен Жетісу облыстарында да тұман мен көктайғақ болады. Ал Солтүстік Қазақстанда түнде жаңбыр аралас қар жауса, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында жаңбыр түседі.
Астана қаласында 16 наурыз жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Жолдарда көктайғақ болжанып отыр. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с-ке дейін жетеді.