Шымкентте 25 жыл бұрын зейнеткер әйелді өлтірген қылмыскер қамауға алынды

© Photo : Пресс-служба департамента полиции Алматы Подозреваемый в наручниках
Подозреваемый в наручниках - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.03.2025
Жазылу
Ол көршілес елде тағы бір аса ауыр қылмыс жасап, түрмеде жазасын өтеп жүрген
АСТАНА, 15 наурыз– Sputnik. Шымкент қаласында 25 жыл бұрын жасалған қылмыс ашылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
1999 жылдың тамыз айында жер үйден зорлық-зомбылық белгілері бар зейнеткер әйелдің мәйіті табылған болатын. Сараптама қорытындысына сәйкес, оны тұншықтырып өлтірген. Осы қылмыс ұзақ уақыт бойы ашылмады. Себебі қажетті дәлелдер болмады. Алайда тергеушілер күдіктінің ізіне түсті.

"Оның көршілес елде қылмас жасап, жазасын өтеп жатқаны анықталды. Реадмиссия арқылы ол Шымкент қаласына жеткізіліп, қамауға алынды. Қазірігі кезде адам өлтіру бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - дейді криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Руслан Назаров.

Бұдан бөлек, қылмыс жасағаны үшін 16 жыл іздеуде жүрген күдікті ұсталды. Ол 2009 жылы үш адамға оқ атқан. Сол кезде біреуі қаза тапқан. Жанжалға қаржылық келіспеушіліктер себеп болған. Күдікті қамауда, ал қылмыстық іс материалдарды сотқа жіберілді.
Наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.11.2024
Оқушыны зорлап, өлтірген: 15 жыл бойы іздеуде болған қылмыскер Ресейден табылды
Жаңалықтар
0