https://sputnik.kz/20250315/oqu-agartu-birinshi-vitse-ministri-qaytys-boldy-51628562.html
Оқу-ағарту бірінші вице-министрі қайтыс болды
Оқу-ағарту бірінші вице-министрі қайтыс болды
Sputnik Қазақстан
Оқу-ағарту министрлігінің ұжымы Наталья Жұмаділдаеваның мезгілсіз қайтыс болуына байланысты оның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады 15.03.2025, Sputnik Қазақстан
2025-03-15T16:35+0500
2025-03-15T16:35+0500
2025-03-15T16:40+0500
оқу-ағарту министрлігі
https://sputnik.kz/img/109/81/1098147_0:0:2465:1387_1920x0_80_0_0_63d099441994acdc847f31b1828a20d6.jpg
АСТАНА, 15 наурыз– Sputnik. Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Наталья Жұмаділдаева 59 жасында өмірден озды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.29 наурызда Жұмаділдаева 60 жасқа толар еді.Наталья Жұмаділдаева еңбек жолын бастауыш сынып мұғалімі болып бастаған. Әр жылдары мектеп директоры, Қызылорда қалалық білім бөлімінің басшысының орынбасары, ҚР парламенті мәжілісінің VI шақырылымының депутаты, ҚР оқу-ағарту министрлігінің мектепке дейінгі білім департаментін басқарған. Ал 2023 жылдың қыркүйегінде оқу-ағарту бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалған болатын.Жұмаділдаева "Құрмет" орденімен және "Ы.Алтынсарин" төсбелгісімен марапатталған.
https://sputnik.kz/20250222/zhazushy-dulat-isabekov-omirden-ozdy-51081035.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/109/81/1098147_138:0:2325:1640_1920x0_80_0_0_abf216f8d22c8358018f2760d4bd45c2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
оқу-ағарту министрлігі
Оқу-ағарту бірінші вице-министрі қайтыс болды
16:35 15.03.2025 (жаңартылды: 16:40 15.03.2025) Оқу-ағарту министрлігінің ұжымы Наталья Жұмаділдаеваның мезгілсіз қайтыс болуына байланысты оның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады
АСТАНА, 15 наурыз– Sputnik. Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Наталья Жұмаділдаева 59 жасында өмірден озды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. 29 наурызда Жұмаділдаева 60 жасқа толар еді.
"Бүгін әріптесіміз, ҚР Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Наталья Жұмаділдаеваның өмірден озғаны туралы қаралы хабарды естіп, қабырғамыз қайысып отыр. Ол білім жүйесін жетілдіруге және балалардың сапалы білім алуына қолайлы жағдай жасауға ерекше назар аударды. Білім беру саласының осындай білікті мамандарының ортамыздан кетуі - орны толмас өкініш. Наталья Васильевнаның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын!", - деп жазды министр Ғани Бейсембаев әлеуметтік желідегі парақшасында.
Наталья Жұмаділдаева еңбек жолын бастауыш сынып мұғалімі болып бастаған. Әр жылдары мектеп директоры, Қызылорда қалалық білім бөлімінің басшысының орынбасары, ҚР парламенті мәжілісінің VI шақырылымының депутаты, ҚР оқу-ағарту министрлігінің мектепке дейінгі білім департаментін басқарған. Ал 2023 жылдың қыркүйегінде оқу-ағарту бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалған болатын.
Жұмаділдаева "Құрмет" орденімен және "Ы.Алтынсарин" төсбелгісімен марапатталған.