Ердоғанның кеңесшісі Украина бойынша келіссөздің басты мәселесін атады

© Sputnik / Станислав КрасильниковБоевое слаживание штурмовых подразделений и расчетов БПЛА группировки "Запад" на Краснолиманском направлении СВО
Боевое слаживание штурмовых подразделений и расчетов БПЛА группировки Запад на Краснолиманском направлении СВО - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.03.2025
Жазылу
АСТАНА, 15 наурыз– Sputnik. Түркия президентінің сыртқы саясат пен қауіпсіздік бойынша кеңесшісі Акиф Чагатай Кылыч Украина бойынша келіссөздің басты мәселесін атады, деп хабарлайды РИА Новости .
"Жағдай өте жылдам өзгеріп жатыр. Белгілі бір нүктеге дейін жетеді де, қайтадан пысықталады. Негізгі мәселе - сенім дағдарысы. Ешкім бір-біріне сенбейді. Мен әскери жағдайды айтып отырмын. Қақтығысқа қатысушы тараптарды екі рет жинауға мүмкін болды. Алдымен Түркияда, сол кездегі келліссөздер аясында біраз шаруа атқарылды. Бірақ белгілі жағдайларға байланысты болмай қалды. Бүгінде біз сенім дағдарысына тап болып отырмыз", - деді Кылыч NTV арнасына берген сұхбатында.
Оның айтуынша, барлығы көп сұрақтың жауабын іздейді.
"Соның арғы жағында не бар? Қандай мақсат-мүдденін көздейді? Еуропа мен АҚШ қандай ұстаным білдіреді? Сондай сұрақтар туындап отыр. Осы сенім дағдарысында тараптар жағдайды реттеу жолдарын іздестіріп жатыр", - деп атап көрсетті саясаткер.
Айта кетері, сейсенбі күні АҚШ пен Украина делегацияларының келіссөздері өткен. Соның нәтижесінде Америка әкімшілігі атысты тоқтату режимін шұғыл енгізуге үндеді. Киев бірден бірлескен мәлімдеме шығарып, атысты 30 күнге тоқтатуға дайын екенін жариялады. Ресей президенті Владимир Путин де АҚШ-тың бастамасын қолдайтынын айтты. Бірақ кейбір мәселелердің басы ашық екенін айтты. Атап айтқанда, Курск облысындағы украиналық әскерилер мәселесі қалай шешіледі? Олар атысты өздері тоқтата ма, жоқ әлде, бұйрық беріле ме? Ал, ең бастысы, Ресей оларды жібере салуы керек пе?
Президент РФ В. Путин провел заседание оргкомитета Победа - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.03.2025
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Путин Украинамен 30 күндік бітімді қолдады
Жаңалықтар
0