Екібастұзда полицейлер өрт шыққан үйден тұрғындарды шығарып алды

© Photo : Пресс-служба МЧС КазахстанаПожар в жилом доме в Таразе
Пожар в жилом доме в Таразе - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.03.2025
Жазылу
АСТАНА, 15 наурыз– Sputnik. Екібастұз қаласында үш полицей көппәтерлі үйдің тұрғындарын құтқарды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Конституция даңғылындағы тұрғын үйдің 3-кіреберісінде тұрмыстық қоқыстар қоймасынан өрт шыққан. Қалың түтін кіреберісті басып, ішіндегі адамдарға қауіп төндірді.
Оқиға орнына полиция қызметкерлері Ерболат Сыздықов, Нариман Жетпісбаев және Жәдігер Рахатұлы шұғыл жетті. Үшеуі өрт сөндірушілер келгенше тұрғындарды далаға шығарып алды.
Полицейлер екі баланы қолдарына алып, бірнеше адамға сыртқа шығуға көмектесті. Ал өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем жеткен соң, барлық пәтерді қайта тексеріп, ешкімнің қалмағанына көз жеткізді.
Үй, балкон - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.12.2024
Атырауда полицейлер жоғары қабаттан секірмек болған әйелді құтқарды
Жаңалықтар
0