Түрлі-түсті, қышқыл, қасиетті: әлемдегі таңғажайып өзендер – фото
Түрлі-түсті, қышқыл, қасиетті: әлемдегі таңғажайып өзендер – фото
Sputnik Қазақстан
14 наурызда әлемнің көптеген елдерінде Халықаралық өзендер күні аталып өтеді. Бұл күн өзендерді, суды және өмірді қорғау шараларын қабылдауға үндейді, сонымен... 14.03.2025, Sputnik Қазақстан
14 наурызда әлемнің көптеген елдерінде Халықаралық өзендер күні аталып өтеді. Бұл күн өзендерді, суды және өмірді қорғау шараларын қабылдауға үндейді, сонымен қатар планетаның біртұтас экожүйесін бұзатын бөгеттер мен платиналар салуға назар аударудың бір жолы
Біз әлемдегі ең көркем және әйгілі он өзеннің суретін жарияладық. Суреттерге қарап олардың несімен танымал екенін білейік!
Колумбияда ағып жатқан Каньо-Кристалес әлемдегі ең әдемі және таңғажайып өзен атағына ие. Бұл табиғаттағы түрлі-түсті өзен! Ол бес түрлі түске енеді және "Бес түсті өзен" немесе "Сұйық кемпірқосақ" деген атаумен танымал.
Әйгілі Ганг өзені (Үндістан). Ол әлемдегі ең қасиетті өзен болып саналады. Ганг индуизмде маңызды рөл атқарады. Бұл өзен индуизмде ежелгі заманнан бері құрметтеліп келеді, барлық үнді әдебиетінде аталады .
Көк өзен (Гренландия) - ерекше көрінісімен таң қалдырады. Суретте: Кангерлуссуак маңындағы Гренландия мұз қабатының ландшафты. Солтүстік Америка, Гренландия.