https://sputnik.kz/20250314/qazaqstan-zhumyrtqa-importyna-zharty-zhylga-tyyym-salady-51605378.html
Қазақстан сырттан жұмыртқа әкелуге уақытша тыйым салады
Қазақстан сырттан жұмыртқа әкелуге уақытша тыйым салады
Sputnik Қазақстан
Бұйрық қабылданса, тыйым 2025 жылдың сәуір айынан күшіне енеді 14.03.2025, Sputnik Қазақстан
2025-03-14T11:58+0500
2025-03-14T11:58+0500
2025-03-14T12:00+0500
жұмыртқа
еаэо
қазақстан
импорт
https://sputnik.kz/img/old/1046/85/10468578_0:129:3187:1921_1920x0_80_0_0_822cdd130b44b833a1f0cfdba4f8d126.jpg
АСТАНА, 14 наурыз — Sputnik. Қазақстан ЕАЭО-дан және үшінші елдерден тауық жұмыртқасын әкелуге жарты жылға тыйым салуға ниетті. Бұл туралы "Ашық НҚА" порталында жарияланған ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығында айтылған.Бұйрық жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды, деп атап өтті ведомстводағылар.Бұйрық жобасы 20 наурызға дейін талқыланады, ал егер қабылданса, тыйым 2025 жылдың сәуір айынан қыркүйекке дейін күшіне енеді.Қазақстанда 70 құс фабрикасы бар, оның ішінде 34 жұмыртқа және 29 ет бағытындағы және 7 асыл тұқымды репродукция. Статистиканың ресми деректері бойынша 2024 жылы жұмыртқа экспорты 43,2 млн дананы, импорт 87,4 млн дананы құрады, ішкі нарықтың өз өндірісі есебінен қамтамасыз етілуі 99%-ды құрайды.
https://sputnik.kz/20250226/eaeo-men-baa-aldagy-aylarda-erkin-sauda-turaly-kelisimge-qol-qoyady-51170386.html
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/1046/85/10468578_227:0:2958:2048_1920x0_80_0_0_88654175b1c3eb449af430d1f7c4c357.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жұмыртқа, еаэо, қазақстан, импорт
жұмыртқа, еаэо, қазақстан, импорт
Қазақстан сырттан жұмыртқа әкелуге уақытша тыйым салады
11:58 14.03.2025 (жаңартылды: 12:00 14.03.2025) Бұйрық қабылданса, тыйым 2025 жылдың сәуір айынан күшіне енеді
АСТАНА, 14 наурыз — Sputnik. Қазақстан ЕАЭО-дан және үшінші елдерден тауық жұмыртқасын әкелуге жарты жылға тыйым салуға ниетті. Бұл туралы "Ашық НҚА" порталында жарияланған ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығында айтылған.
"Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тауық жұмыртқасының транзитін, сондай-ақ олардың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің аумағынан екінші мемлекеттің аумағына Қазақстан арқылы өтуін қоспағанда, үшінші елдерден және ЕАЭО елдерінен көліктің барлық түрлерімен", - делінген бұйрықта.
Бұйрық жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды, деп атап өтті ведомстводағылар.
"Жұмыртқаларды әкелуге тыйым салуды енгізу Қазақстандағы жұмыртқа саласының дамуына оң әсер етеді және баға белгілеудің ашық тізбегін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Еліміздің батыс өңірлерін қамтамасыз ету үшін Меморандум шеңберінде басқа өңірлерден жұмыртқа жеткізу мүмкіндігі бар, онда нарыққа қатысушылардың саны реттеледі және бағаның жоғарғы шегі белгіленеді. Бұл өндірушілерге қысым жасап, көтерме саудагерлер жиі қолданатын алыпсатарлықтың алдын алады", - деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Бұйрық жобасы 20 наурызға дейін талқыланады, ал егер қабылданса, тыйым 2025 жылдың сәуір айынан қыркүйекке дейін күшіне енеді.
Қазақстанда 70 құс фабрикасы бар, оның ішінде 34 жұмыртқа және 29 ет бағытындағы және 7 асыл тұқымды репродукция. Статистиканың ресми деректері бойынша 2024 жылы жұмыртқа экспорты 43,2 млн дананы, импорт 87,4 млн дананы құрады, ішкі нарықтың өз өндірісі есебінен қамтамасыз етілуі 99%-ды құрайды.