Билікке жаңа адамдар келіп жатыр – Тоқаев

© Sputnik / Владислав ВодневСаммит глав государств СНГ в Астане, 14 октября 2022 года
Саммит глав государств СНГ в Астане, 14 октября 2022 года - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.03.2025
Жазылу
Үш жылдан астам уақыт ішінде ауыл әкімдерінің 72 пайызы жаңарды
АСТАНА, 14 наурыз – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жергілікті жерде билікке жаңа адамдар көптеп келе бастағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Мемлекет басшысының айтуынша, жергілікті билік түбегейлі жаңғыртылды.
"Үш жылдан астам уақыт ішінде ауыл әкімдерінің 72 пайызы жаңарды. Оның үштен бірі – бұрын мемлекеттік қызметте болмаған азаматтар. Бір сөзбен айтсақ, аймақтардағы атқарушы билікке жаңа адамдар келіп жатыр", - деді Тоқаев ұлттық құрылтайдың кезекті отырысында.
Осы уақытқа дейін пилоттық жоба ретінде аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың 45 әкімі сайланды.
"Биылдан бастап барлық аудан әкімдерін халық тікелей сайлайтын болады. Түрлі деңгейдегі мәслихат сайлауы өкілді билік органдарының жұмысына тың серпін берді. Облыстық және аудандық мәслихат депутаттарының 90 пайызы бір мандатты округтен, яғни тікелей дауыс беру арқылы сайланды. Билік жүйесінде мұндай ауқымды өзгеріс бұрын-соңды болмады", - деп атап өтті президент.
Тоқаев ҰҚШҰ отырысында - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.01.2025
Айына бір рет телефон арқылы сөйлесіп тұрамыз: Тоқаев Назарабаевпен байланысы туралы
Жаңалықтар
0