https://sputnik.kz/20250314/aqtobe-oblysynyn-akimi-110-zhastagy-tyl-enbekkerimen-koristi-51615451.html
Ақтөбе облысының әкімі 110 жастағы тыл еңбеккерімен көрісті
Ақтөбе облысының әкімі 110 жастағы тыл еңбеккерімен көрісті
Sputnik Қазақстан
Ақтөбеде 100 жастан асқан екі қария тұрады 14.03.2025, Sputnik Қазақстан
2025-03-14T16:27+0500
2025-03-14T16:27+0500
2025-03-14T16:27+0500
кейуана
ақтөбе
көрісу
жеңістің 80 жылдығы
https://sputnik.kz/img/07e9/03/0e/51610956_72:91:890:551_1920x0_80_0_0_920e907688984040725422266ba9ad23.jpg
АЛМАТЫ, 14 наурыз – Sputnik. Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров 110 жастағы тыл еңбеккері Жәкібай Бисенғалиеваның үйіне барып, Амал күнімен құттықтады, деп хабарлайды әкімдік.Жәкібай Бисенғалиева –1915 жылы дүниеге келген. Ұзақ жылдар қазіргі Хромтау ауданында тұрған. Ол қамбада астықты таразылаудан бастап, тракторды тізгіндеген. Кітапханашы, сауыншы болып жұмыс істеді. Сұрапыл соғыс жылдарында еш қиындыққа қарамастан, майданға көмектесу үшін қажымай еңбек етті. Жолдасы Ғабит Бисенғалиев соғыстан елге І топтағы мүгедек болып оралды. Ерлі-зайыптылар үш бала тәрбиелеп, өсірді. Қария қазір немересі Данияр және оның отбасымен бірге тұрады. Әженің үш немересі мен жеті шөбересі бар.Асхат Шахаров кейуана мен оның отбасын Көрісу күні мерекесімен құттықтады.Бүгінде Ақтөбеде 100 жастан асқан екі адам тұрады.Сәуір-мамыр айларында тағы бес ақтөбелік ғасырлық мерейтойын атап өтеді.
ақтөбе
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/03/0e/51610956_7:0:967:720_1920x0_80_0_0_df692af6543b5899e05d18d385395919.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
кейуана, ақтөбе, көрісу
Ақтөбе облысының әкімі 110 жастағы тыл еңбеккерімен көрісті
Ақтөбеде 100 жастан асқан екі қария тұрады
АЛМАТЫ, 14 наурыз – Sputnik. Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров 110 жастағы тыл еңбеккері Жәкібай Бисенғалиеваның үйіне барып, Амал күнімен құттықтады, деп хабарлайды әкімдік.
Жәкібай Бисенғалиева –1915 жылы дүниеге келген. Ұзақ жылдар қазіргі Хромтау ауданында тұрған. Ол қамбада астықты таразылаудан бастап, тракторды тізгіндеген. Кітапханашы, сауыншы болып жұмыс істеді. Сұрапыл соғыс жылдарында еш қиындыққа қарамастан, майданға көмектесу үшін қажымай еңбек етті. Жолдасы Ғабит Бисенғалиев соғыстан елге І топтағы мүгедек болып оралды. Ерлі-зайыптылар үш бала тәрбиелеп, өсірді. Қария қазір немересі Данияр және оның отбасымен бірге тұрады. Әженің үш немересі мен жеті шөбересі бар.
"Менің енем – жарқын және мейірімді әйел. Маған көп нәрсе үйретті. Біз бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп келеміз", - дейді келіні Өзипа Бисенғалиева.
Асхат Шахаров кейуана мен оның отбасын Көрісу күні мерекесімен құттықтады.
"Сіз көптеген сынақты бастан кешірдіңіз, соған қарамастан жүрегіңіз күшті. Өзіңізден мейірімділік пен жылулық желі есіп тұр. Данагөйлігіңіз, ақыл-кеңесіңіз бен қолдауыңыз берік отбасылық дәстүрдің негізі болып отыр. Әр күн Сізге қуаныш пен бақыт әкелсін, жақындарыңыз қамқорлығына бөленіп жүре беріңіз", - деді өз сөзінде аймақ басшысы.
Бүгінде Ақтөбеде 100 жастан асқан екі адам тұрады.Сәуір-мамыр айларында тағы бес ақтөбелік ғасырлық мерейтойын атап өтеді.