"Air Astana" былтыр 9 млн адам тасымалдады

© Photo : Официальный телеграм-канал Air AstanaAir Astana ұшағы
Air Astana ұшағы - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.03.2025
Жазылу
Компания былтыр 2023 жылғыдан 11,2%-ға көбірек жолаушы тасымалдаған
АСТАНА, 14 наурыз – Sputnik. "Air Astana" АҚ 2024 жылдың қорытындысын жариялады.
Компания ақпаратына сәйкес, тасымалданған жолаушы саны 2023 жылмен салыстырғанда 11,2%-ға өсіп, 9 млн адамды құрады.
"Бір реттік баптарды есепке алмағанда, жалпы және басқа да кіріс былтырмен салыстырғанда 12,4%-ға артып, 1 308 миллион АҚШ долларына жетті. Бір реттік баптарды есепке алмағанда түзетілген EBITDAR көрсеткіші алдыңғы жылмен салыстырғанда 16,1%-ға өсіп, 338,6 миллион АҚШ долларын құрады, ал бір реттік баптарды қоспағанда, түзетілген EBITDAR көрсеткіші маржасы 25,9% болды", - деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар, компанияның директорлар кеңесі қарапайым және арнайы дивидендтен тұратын рекордтық дивиденд мөлшерін ұсынғаны белгілі болды. Ұсынылған дивидендтің жалпы сомасы бір жай акцияға 53,7 теңгені және ЖДҚ үшін 214,8 теңгені құрайды. Бұл ұсыныс 2025 жылғы 31 мамырдан кешікітірілмей, акционерлердің жылдық жалпы жиналысында мақұлданбақ, ал төлем 2025 жылдың ортасына жоспарланып отыр.
Air Astana ұшағы - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.03.2025
Air Astana Алматыдан ұшатын рейстердің кешіккенін хабарлады
Жаңалықтар
0