https://sputnik.kz/20250313/zhauym-kobeyip-ketti-almaty-akimine-turgyndar-nege-qarsy-boldy-51579697.html
"Жауым көбейіп кетті": Алматы әкіміне тұрғындар неге қарсы болды
"Жауым көбейіп кетті": Алматы әкіміне тұрғындар неге қарсы болды
Sputnik Қазақстан
Қазіргі уақытта бұл ереже тау бөктерін тегістеуге және еңісі 15 градустан жоғары жерлерде құрылыс жүргізуге тыйым салады 13.03.2025, Sputnik Қазақстан
2025-03-13T13:35+0500
2025-03-13T13:35+0500
2025-03-13T13:35+0500
әкім
алматы
https://sputnik.kz/img/07e8/0c/12/49365847_0:56:1080:664_1920x0_80_0_0_2035711db6f458a5052d706790a1c729.jpg.webp
АСТАНА, 13 наурыз - Sputnik. Алматы әкімі Ерболат Досаев Бостандық ауданы тұрғындарымен кездесу барысында Ерменсай шағын ауданында көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысына қатысты сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.Әкімнің айтуынша, таулы аймақта құрылысқа рұқсат бермеймін деп, өзіне көп жау тауып алған.Заңдағы олқылық сол - құрылыс компанияларына жеке тұрғын үйге арналған жерлерге аз қабатты кешендер салуға мүмкіндік беріп отыр.
https://sputnik.kz/20240818/almatynyn-tauly-aymaqtarynda-sel-zhuru-qaupi-bar-46409486.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0c/12/49365847_60:0:1020:720_1920x0_80_0_0_8c984edc43795a60173c7bf2bc72faa0.jpg.webpSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әкім, алматы
"Жауым көбейіп кетті": Алматы әкіміне тұрғындар неге қарсы болды
Қазіргі уақытта бұл ереже тау бөктерін тегістеуге және еңісі 15 градустан жоғары жерлерде құрылыс жүргізуге тыйым салады
АСТАНА, 13 наурыз - Sputnik. Алматы әкімі Ерболат Досаев Бостандық ауданы тұрғындарымен кездесу барысында Ерменсай шағын ауданында көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысына қатысты сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды
қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Әкімнің айтуынша, таулы аймақта құрылысқа рұқсат бермеймін деп, өзіне көп жау тауып алған.
"Белгілі бір ауданда тұрғын үй кешендерінің құрылысына мораторий енгізу заң жүзінде мүмкін емес. Бірақ біз бұл мәселені реттеп отырмыз. Соңғы бірнеше жылда қанша жобаны мақұлдаудан бас тартқанымызды елестете де алмайсыздар. Қалада менің таулы аймақта құрылыс жүргізуге рұқсат бермегенім үшін жауым көбейді", — деді Ерболат Досаев.
Заңдағы олқылық сол - құрылыс компанияларына жеке тұрғын үйге арналған жерлерге аз қабатты кешендер салуға мүмкіндік беріп отыр.
"Біз заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар енгіздік және өз тарапымыздан құрылыс ережесін қатаңдаттық. Қазіргі уақытта бұл ереже тау бөктерін тегістеуге, таулы аймақтағы жоталар жолағында, соның ішінде еңісі 15 градустан жоғары жерлерде құрылыс жүргізуге тыйым салады", — деді Алматы әкімі Досаев.