Шымкент – Сеул әуе бағыты бойынша жаңа рейс ашылады

Ұшақ - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.03.2025
Жазылу
Рейстер 29 мамырдан бастап аптасына екі рет орындалады
АСТАНА, 13 наурыз – Sputnik. SCAT әуе компаниясы Шымкент – Сеул бағыты бойынша Кореяға жаңа рейс ашуды жоспарлап отыр, деп хабарлады Көлік министрлігі.
Рейстер 29 мамырдан бастап аптасына екі рет (сейсенбі және жұма күндері) орындалады.
"Қазақстан мен Корея арасындағы рейстердің жалпы саны аптасына 8-ден 10-ға дейін артады", - деп жазылған хабарламада.
Әуе қатынасын ашу екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді деп жоспарланып отыр.
Air Astana ұшағы - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.03.2025
Наурыздағы мерекелерге орай қосымша әуе рейстері іске қосылады
Жаңалықтар
0