https://sputnik.kz/20250313/senator-vip-zirattarga-qarsylyq-bildirdi-51575271.html
Сенатор VIP-зираттарға қарсылық білдірді
Сенатор VIP-зираттарға қарсылық білдірді
Sputnik Қазақстан
Бүгінде Астана қаласының айналасында 28 зират пен 1 пантеон бар 13.03.2025, Sputnik Қазақстан
2025-03-13T11:53+0500
2025-03-13T11:53+0500
2025-03-13T11:58+0500
сенат
депутат
https://sputnik.kz/img/07e7/03/1d/33400294_1:0:3642:2048_1920x0_80_0_0_a7983a1185c201af6c95f561685a08fd.jpg.webp
АСТАНА, 13 наурыз – Sputnik. Сенатор Андрей Лукин зираттарды жеке меншікке беруге қарсы шығып, мемлекеттік мекемелерді жекешелендіру жоспарынан алып тастауды талап етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Конституция бойынша жердің иесі – халық. Ал Жер кодексіне сәйкес, зираттар жерлеуге арналған арнайы жер болып саналады. Оны коммерциялық мақсатта пайдалануға тыйым салынған. Бір қабірге кем дегенде 6 шаршы метр бөлінеді.Осы орайда сенатор Астананы мысалға келтірді. Бүгінде қаланың айналасында 28 зират пен 1 пантеон бар."Қазіргі кезде Астанада жерлеудің құны республика бойынша ең төмен болып тұр. Бірақ жекешелендіруден кейін жеке меншік компаниялар бағаны көтере бастайды. Оны бәріміз жақсы түсінеміз. Мысалы, COVID-19 пандемиясы кезінде жеке меншік компаниялар бір адамды жерлеу үшін 1 миллион теңгеге дейін сұраған. Ал мемлекеттік құрылымдар қолжетімді бағаны ұсынып отырды", - деді сенатор.Оның айтуынша, зираттар коммерциялық ортаға берілсе, VIP-зираттар көбейеді.Сенатор үкімет басшысына депутаттық сауал жолдап, зираттарға қызмет көрсететін мемлекеттік мекемелерді жекешелендіру жоспарынан алып тастауды талап етті. Сондай-ақ, негізгі жерлеу қызметтерінің шекті бағасын белгілеуді сұрады. Ал зираттарда жерді заңсыз сатқаны үшін қылмыстық жазаны енгізу керек.
https://sputnik.kz/20250303/chatgpt-mi-zhumysyn-tezheydi-deputat-oqushylar-ushin-shekteu-engizudi-usyndy-51318300.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/03/1d/33400294_456:0:3187:2048_1920x0_80_0_0_3e01a09db48680c1168064a5a7276994.jpg.webpSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сенат, депутат
Сенатор VIP-зираттарға қарсылық білдірді
11:53 13.03.2025 (жаңартылды: 11:58 13.03.2025) Бүгінде Астана қаласының айналасында 28 зират пен 1 пантеон бар
АСТАНА, 13 наурыз – Sputnik. Сенатор Андрей Лукин зираттарды жеке меншікке беруге қарсы шығып, мемлекеттік мекемелерді жекешелендіру жоспарынан алып тастауды талап етті, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Конституция бойынша жердің иесі – халық. Ал Жер кодексіне сәйкес, зираттар жерлеуге арналған арнайы жер болып саналады. Оны коммерциялық мақсатта пайдалануға тыйым салынған. Бір қабірге кем дегенде 6 шаршы метр бөлінеді.
"Заң бойынша жергілікті билік жерлеу мен қабірлерді күтіп ұстау ережелерін бекіте алады. Алайда жерлеу қызметтерін бәсекелестік ортаға берілсе, осы саланы монополияға айналдыруы мүмкін. Алаяқтық әрекеттер көбейіп, жер учаскелері заңсыз берілуі ықтимал" – деді Лукин сенаттың бүгінгі отырысында.
Осы орайда сенатор Астананы мысалға келтірді. Бүгінде қаланың айналасында 28 зират пен 1 пантеон бар.
"Қазіргі кезде Астанада жерлеудің құны республика бойынша ең төмен болып тұр. Бірақ жекешелендіруден кейін жеке меншік компаниялар бағаны көтере бастайды. Оны бәріміз жақсы түсінеміз. Мысалы, COVID-19 пандемиясы кезінде жеке меншік компаниялар бір адамды жерлеу үшін 1 миллион теңгеге дейін сұраған. Ал мемлекеттік құрылымдар қолжетімді бағаны ұсынып отырды", - деді сенатор.
Оның айтуынша, зираттар коммерциялық ортаға берілсе, VIP-зираттар көбейеді.
"Мен ондайға қарсымын. Сосын жерлеу рәсімдері бойынша арнайы заң қабылдау қажет. Осы құжатта барлық норма ескерілуі шарт", - деді Лукин журналистерге берген сұхбатында.
Сенатор үкімет басшысына депутаттық сауал жолдап, зираттарға қызмет көрсететін мемлекеттік мекемелерді жекешелендіру жоспарынан алып тастауды талап етті. Сондай-ақ, негізгі жерлеу қызметтерінің шекті бағасын белгілеуді сұрады. Ал зираттарда жерді заңсыз сатқаны үшін қылмыстық жазаны енгізу керек.