Қазақстан төлқұжатының шет мемлекеттер арасындағы деңгейі қандай

© Sputnik / Мурад Оруджев / Медиабанкке өтуҚазақстан төлқұжаты
Қазақстан төлқұжаты - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.03.2025
Жазылу
Henley Passport Index жыл сайын халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA) деректері негізінде жарияланады
АСТАНА, 13 наурыз – Sputnik. Қазақстандық төлқұжаттың деңгейі жоғары. Бұл туралы Henley & Partners халықаралық консалтингтік компаниясы жариялады, деп хабарлайды Ranking.kz.
Визасыз немесе жеңілдетілген жолмен шетелге болатын елдер саны бойынша төлқұжат рейтингімен танымал Henley & Partners компаниясы биылғы жылдың қортындысын шығарды. Мәліметінше, Қазақстан төлқұжатының деңгейі Орта Азия елдері арасында жоғары.
Henley Passport Index жыл сайын халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA) деректері негізінде жарияланады.
Рейтингке сәйкес, Таяу Шығыс пен Африка елдерінің төлқұжаттары әлемдегі ең әлсіз құжаттар. Мәселен, Ауғанстанда тек 25 елмен визасыз режим бар, Сирияда — 27, Иракта-30. Өйткені бұл елдер ұзаққа созылған қақтығыстарды бастан өткерді және соғыстар мен терроризм салдарымен әлі күресіп жатыр.
Аутсайдерлер қатарына Пәкістан (32 ел), Йемен (32 ел), Сомали (33 ел), Непал (38 ел), Ливия (39 ел), Бангладеш (39 ел) және Палестина территориялары (39 ел) кірді. 40 елден тұратын визасыз режим Солтүстік Корея мен Эритрея паспорттарын, 42 — сі Судан, Шри-Ланка және Иран кіреді.
Сонымен қатар биыл Henley Passport Index көшбасшысы Сингапур болды, оның төлқұжатымен 193 ел мен аумаққа визасыз кіруге болады. Екінші орында Жапония мен Оңтүстік Корея, үшінші орында Еуропа елдері — Дания, Финляндия, Франция, Германия, Ирландия, Италия және Испания тұр. Бұл мемлекеттердің азаматтары визасыз 189 мемлекетке бара алады.
Орталық Азия және ЕАЭО елдерінің ішінде ең "күшті" төлқұжат - Ресейде: ресейліктер 114 елге визасыз бара алады. Одан кейін әлемде 60-шы орынға ие болған Беларусь. Қазақстан 62-ші орында, 76 елге визасыз кіре алады.
Қазақстаннан кейін Армения (67 Ел), Қырғызстан (63 ел), Өзбекстан (61 ел) Тәжікстан (56 ел) және Түрікменстан (49 ел) тұр.
Казахстанский паспорт - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.01.2025
Былтыр Қазақстанда төлқұжат рәсімдеу рекордтық деңгейге жетті
Жаңалықтар
0