Қазақстан мен Ресей көмірді Қытайға тасымалдау мәселесін талқылады

© АО "НК "ҚТЖ"Грузовые вагоны. Архивное фото
Грузовые вагоны. Архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.03.2025
Жазылу
"Солтүстік – Оңтүстік" көлік дәлізін дамыту жайы да күн тәртібіне шығарылды
АСТАНА, 13 наурыз – Sputnik. Мәскеуде Қазақстан көлік министрі Марат Қарабаевтың Ресей көлік министрі Роман Старовойтпен және Ресей энергетика министрі Сергей Цивилёвпен кездесуі өтті.
Келіссөздерге сондай-ақ "ҚТЖ" ҰК" АҚ мен "РЖД" ААҚ басшылары да қатысты.
"Тараптар тасымалдау саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін, оның ішінде "Солтүстік – Оңтүстік" көлік дәлізін дамыту және Ресей көмірін Қазақстан аумағы арқылы Қытайға тасымалдау мәселелерін талқылады", - деп хабарлады Көлік министрлігі.
Аталған кездесуге дейін екі елдің теміржолшылары ресейлік көмір өндіруші компаниялардың қатысуымен бірқатар кеңес өткізді.
Басқосу барысында тараптар транзиттік тасымалды Қазақстан аумағы арқылы жүзеге асыруға жоғары қызығушылық танытты, себебі бұл маршрут сұранысқа ие әрі болашағы бар балама ретінде қарастырылып отыр.
Кездесу аясында екі ел арасындағы серіктестікті нығайту, тасымалдардың тиімділігін арттыру және көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту перспективалары қарастырылды.
Казахстан становится транспортно-логистическим хабом Евразийского континента - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.12.2024
"Қазақстан теміржолы" жыл басынан бері 236 млн тонна астам жүк тасымалдады
Жаңалықтар
0