https://sputnik.kz/20250313/prezident-astana-infraqurylymyn-basqaru-isine-zhasandy-intellekt-tartudy-qoldady-51579561.html
Президент Астана инфрақұрылымын басқару ісіне жасанды интеллект тартуды қолдады
Президент Астана инфрақұрылымын басқару ісіне жасанды интеллект тартуды қолдады
Sputnik Қазақстан
Тоқаев елімізде суперкомпьютер кластерінің негізін қалау стратегиялық мәнге ие екенін айтты 13.03.2025, Sputnik Қазақстан
2025-03-13T13:18+0500
2025-03-13T13:18+0500
2025-03-13T13:18+0500
президент
астана
https://sputnik.kz/img/07e9/03/0d/51576119_0:65:1280:785_1920x0_80_0_0_c25118ee9ab80ba304d2d4c519f909fe.jpg.webp
АСТАНА, 13 наурыз - Sputnik. Мемлекет басшысы PresightAI компаниясының басқарма төрағасы Томас Прамотедхамды қабылдады, деп хабарлады Ақорда.Кездесу барысында Қазақстанда өнімділігі жоғары есептеу, цифрлық трансформация және озық технологияларды енгізу бағытындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелері қарастырылды.Президент цифрлық инфрақұрылымды дамытудың маңызын атап өтіп, елімізде суперкомпьютер кластерінің негізін қалау стратегиялық мәнге ие екеніне тоқталды.Томас Прамотедхам Қасым-Жомарт Тоқаевқа аталған жобаның жүзеге асырылуы жөнінде мәлімет берді.Технологияны локализациялау және қазақстандық компанияларды бірлескен жобаларға тарту мәселелеріне айрықша назар аударылды. PresightAI басқарма төрағасы отандық IT-компаниялардың біліктілік деңгейін жоғары бағалады және олармен ұзақмерзімді серіктестік құруға қатысты ниетін растады.Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің цифрлық трансформациясына және технологиялық өрлеуіне септігін тигізетін негізгі бастамалар аясындағы ынтымақтастықты жалғастыру маңызды екенін айтты.
https://sputnik.kz/20250313/toqaev-burabaydagy-ulttyq-quryltayga-qatysady-51572582.html
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/03/0d/51576119_74:0:1206:849_1920x0_80_0_0_97a4c56cfab8749bf7faf7ac77dbbcfc.jpg.webpSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
президент, астана
Президент Астана инфрақұрылымын басқару ісіне жасанды интеллект тартуды қолдады
Тоқаев елімізде суперкомпьютер кластерінің негізін қалау стратегиялық мәнге ие екенін айтты
АСТАНА, 13 наурыз - Sputnik. Мемлекет басшысы PresightAI компаниясының басқарма төрағасы Томас Прамотедхамды қабылдады, деп хабарлады
Ақорда.
Кездесу барысында Қазақстанда өнімділігі жоғары есептеу, цифрлық трансформация және озық технологияларды енгізу бағытындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелері қарастырылды.
Президент цифрлық инфрақұрылымды дамытудың маңызын атап өтіп, елімізде суперкомпьютер кластерінің негізін қалау стратегиялық мәнге ие екеніне тоқталды.
Томас Прамотедхам Қасым-Жомарт Тоқаевқа аталған жобаның жүзеге асырылуы жөнінде мәлімет берді.
Технологияны локализациялау және қазақстандық компанияларды бірлескен жобаларға тарту мәселелеріне айрықша назар аударылды. PresightAI басқарма төрағасы отандық IT-компаниялардың біліктілік деңгейін жоғары бағалады және олармен ұзақмерзімді серіктестік құруға қатысты ниетін растады.
"Астана әкімдігімен бірлесе атқарылатын Smart City жобасы талқыланды. Мемлекет басшысы қала инфрақұрылымын басқару ісіне жасанды интеллект шешімдерін пайдалануға қолдау білдірді. Атап айтқанда, AlemAI халықаралық жасанды интеллект орталығының базасында қала қызметтерінің тиімділігін арттыратын ахуал орталығы құрылады", - деп жазылған хабарламада.
Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің цифрлық трансформациясына және технологиялық өрлеуіне септігін тигізетін негізгі бастамалар аясындағы ынтымақтастықты жалғастыру маңызды екенін айтты.