Оралда еріген қар суы жолды басып қалды

© Photo : МЧС КазахстанаОралда еріген қар суы жолды басып қалды
Оралда еріген қар суы жолды басып қалды - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.03.2025
Жазылу
Батыс Қазақстанда көктемгі су тасқыны қаупі бар
АСТАНА, 13 наурыз — Sputnik. 2025 жылдың 12 наурызынан 13 наурызға қараған түні Оралда еріген қар суы қалаішілік жолды басып қалды. Оқиға орнына жергілікті төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшесі жөнелтілді.
Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, "Сарыарқа" шағын ауданында қалың қар еріп, қала ішіндегі автожолдың ойпатты бөлігіне су жиналған. Осының салдарынан екі шағын ауданды байланыстыратын жолға еріген су жайылды.
"Көлік қозғалысы бұзылған жоқ және халық үшін қауіп жоқ. Жағдай бақылауда", - деп түсіндірді құтқарушылар.
Түні бойы мотопомпалар көмегімен су айдауды жүргізілді.
Аягөз өзіне - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.03.2025
55 адам тартылды: Ақтөбе облысында су тасқынына қарсы жұмыстар жүріп жатыр
Жаңалықтар
0