Алматыда 7,5 мыңнан астам бұралқы ит ауланды

© Sputnik / Тимур БатыршинАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.03.2025
Жазылу
Жануарларды ұстау ережесін бұзғандарға 3,1 миллион теңге айыппұл салынды
АЛМАТЫ, 13 наурыз – Sputnik. Алматы облысында иесіз 7 558 бұралқы ит пен 29 мысық ауланды, деп хабарлады облыстық әкімдік.
Оның ішінде тек 82 ит иесіне қайтарылды.
"Жануарларды ұстау ережесін бұзғандарға 3,1 миллион теңге айыппұл салынды, 133 адамға әкімшілік шара қолданылды", - дейді ведомство.
Құмтоған ауылында бұралқы иттер үй жануарларына қырғидай тиген.
"Ветеринарлық қызметтер бұл жерге тез келіп, 9 итті аулады. Жарақаттанған жануарға көмек көрсетілді, ал учаске бақылауға алынды. Мұнда иесіз иттерді аулау бойынша жоспарлы рейд жалғасады", - дейді әкімдік.
Сарапшылардың айтуынша, бұл мәселе айыппұл салумен шешілмейді. Аймақта міндетті түрде чиптеу, зарарсыздандыру және үй жануарларын бақылауды күшейту шаралары талқыланады.
Архивтегі фото   - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.12.2023
Бұралқы иттерді бақылаудың тың жолы ұсынылды
Жаңалықтар
0