Тоқаев Дариға Тілендиеваның дүниеден өтуіне байланысты туыстарына көңіл айтты

© Photo : КИНО-ТЕАТР.РУДарига Тлендиева
Дарига Тлендиева - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.03.2025
Жазылу
Әйгілі композитордың жары кеше 79 жасында қайтыс болды
АСТАНА, 12 наурыз – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әйгілі композитор Нұрғиса Тілендиевтің жары, белгілі мәдениет қайраткері Дариға Тілендиеваның дүниеден өтуіне байланысты туған-туыстарына көңіл айтты, деп хабарлады Ақорда.
"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әйгілі композитор, "Отырар сазы" ұлт аспаптары академиялық оркестрінің негізін қалаушы Нұрғиса Тілендиевтің жары, белгілі мәдениет қайраткері Дариға Тілендиеваның дүниеден өтуіне байланысты туған-туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтты", - деп жазылған хабарламада.
Дариға Тілендиева кеше 79 жасында қайтыс болды. Ол алғаш рет "Қазақфильм" киностудиясының "Құлагер" фильміне түсіп, кейін "Алты жасар Алпамыс", "Қоштасқым келмейді", "Жамбыл" және тағы басқа көркем фильмдерде түрлі рөлдерді сомдады.
© Photo : КИНО-ТЕАТР.РУНұрғиса Тілендиев пен Дариға Тілендиева
Дарига Тлендиева - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.03.2025
Нұрғиса Тілендиев пен Дариға Тілендиева
1993-2010 жылдар аралығында Нұрғиса Тілендиев атындағы Академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестрде конферансье болып жұмыс істеді.
Сонымен қатар Дариға Тілендиева көптеген ән мен күйдің авторы.
Жаңалықтар
0