Смартфондардың "қара тізімі" туралы Заң күшіне енеді - нені ескеру керек

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуАйфон смартфондары
Айфон смартфондары - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.03.2025
Жазылу
Ұялы байланыс операторларының желісіндегі, абоненттердің қолында және сатушылардың қоймаларындағы барлық телефонға бұл норма қолданылмайды
АСТАНА, 12 наурыз - Sputnik. 24 наурыздан бастап смартфондардың "қара тізімі" туралы Заң күшіне енеді. Жаңа Заң қалай және кімге әсер етеді? Бұл туралы цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі телекоммуникациялар комитетінің сымсыз байланыс жобаларын мониторингтеу және дамыту басқармасының басшысы Диас Төлегенов брифингте айтты.
Диас Төлегеновтың айтуынша, заңға енгізілген жаңа талап Қазақстанға биылғы 24 наурыздан кейін келетін телефондарға қолданылады.

"Заңның мақсаты - телефонның өндірушіден дүкен сөрелеріне дейінгі барлық жолын айқын ету", - дейді министрлік өкілі.

24 наурыздан кейін Қазақстанға әкелінген және сатылған телефон тексерілмесе, ол жай ғана "қара тізімге" енгізіліп, бұғатталады.
"Ал қазіргі күні ұялы байланыс операторларының желісіндегі, абоненттердің қолында және сатушылардың қоймаларындағы барлық телефонға бұл норма қолданылмайды. Бұл телефондар бірден автоматты түрде "ақ" тізімге жіберіледі", - деді Диас Төлегенов.
Цифрландыру министрлігінің өкілі бұғаттаудың қалай өтетінін және кімге әсер ететінін түсіндірді.
Шартты түрде барлық ұялы телефондар (смартфондар мен iPhone) "ақ", "сұр" және "қара" тізімдерге бөлінеді.

"Ақ" - бұл ішкі салық қызметінің базалары бойынша тексеруден өткен телефондар (яғни, толық кедендік тазартудан өткен) және Imei кодтары бар, телефонның түпнұсқа, яғни ұрланбағанын растайтын халықаралық GSM мәліметтер базасы бойынша тексерілген құрылғылар. Дәл осы критерийлер бойынша тексеру жүреді. Егер телефон құрылғысы тексеруден сәтті өтсе, ол "ақ" тізімге енеді", - деп түсіндірді Төлегенов.

Телефонның заңды әкелінгені және сатып алудың заңдылығын дәлелдеу үшін абонентке 30 күн уақыт беріледі.
"Мысалы, мемлекеттік шекарадан өту туралы белгі қажет болуы мүмкін немесе сәлемдеме арқылы алуы мүмкін. Яғни телефонның жеке пайдалануға сатып алынғанын дәлелдеу үшін сәлемдеме нөмірін берсе болады", - деді Диас Төлегенов.
"Қара" тізімге "түпнұсқа емес" телефондар кіреді, яғни ұрланған құрылғылар.

"Бұл құрылғыларда ұялы байланыс қызметі көрсетілмейді. Яғни, телефонға қоңырау шалуға және ұялы байланысты пайдалануға, жеке Wi-Fi қосуға және тағы басқа әрекет болмайды", - деп ескертті СІМ өкілі.

Диас Төлегенов Қазақстанның барлық абоненттердің телефондары "ақ тізімге" жіберілетініне сендіріп бақты. Оның айтуынша, 24 наурызға дейін интернеттің қазақстандық сегментінде арнайы сервис құрылады. Онда барлық тілек білдірушілер өз телефонын сатып алмас бұрын верификация мәртебесін тексере алады.
iPhone - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.02.2025
Ұялы телефон сатушылар халықты қалай алдайды – үкіметке ұсыныс жасалды
Жаңалықтар
0