Қорғаныс министрлігі әуе кеңістігін пайдалануға уақытша шектеу енгізеді

© ИА Новости-КазахстанВоенный парад в Астане 07.05.2015
Военный парад в Астане 07.05.2015 - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.03.2025
Жазылу
22 сәуір мен 7 мамыр аралығында әскери авиацияның ұшу жаттығулары жүргізіледі
АСТАНА, 12 наурыз — Sputnik. Астанада Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери шеруге дайындық шараларына байланысты 22 сәуір мен 7 мамыр аралығында әуе кеңістігін пайдалануға қысқа мерзімді шектеулер қойылады, деп хабарлады қорғаныс министрлігі.

"13 наурыздан бастап жеке құрамды және әскери техниканы қала аралық жолдармен, теміржол арқылы да тасымалдау басталады. Сол себепті еліміздің кейбір аймақтарындағы жолдардың жекелеген учаскелерінде жол қозғалысына уақытша шектеу енгізілуі мүмкін", - деп мәлімдеді қорғаныс министрлігі.

Сондай-ақ 2025 жылдың 22 сәуірі мен 7 мамыры аралығында әскери авиацияның ұшу жаттығулары жүргізіледі. Сол себепті Астана қаласында әуе кеңістігін пайдалануға қысқа мерзімді шектеулер қойылады.
"Осыған байланысты әуе рейстерінің кестесіне де өзгерістер енгізілуі мүмкін. Біз азаматтарға рейстер туралы ақпаратты алдын ала нақтылауды ұсынамыз", - делінген хабарламада.
Министрлік енгізілген шектеулерге түсіністікпен қарауды, жалған ақпарат таратпай, тек ресми дереккөздерге жүгінуді сұрайды.
Әскери парад. Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.02.2025
Ұлы Жеңістің 80 жылдығы
Астанадағы әскери парадта жаңа техника көрсетіледі
Жаңалықтар
0