Қазыбек Иса "Ата жолы" картасы түкке жарамайтынын мәлімдеді

© Sputnik / Санат ИмангалиевДепутаты мажилиса
Депутаты мажилиса - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.03.2025
Жазылу
Өйткені "Ата жолы" картасының заңдық негізі жоқ, дейді депутат
АСТАНА, 12 наурыз – Sputnik. Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса қандастарға арналған "Ата жолы" картасының түкке жарамайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Ата жолы" картасы этникалық қазақтарға өз бизнесін Қазақстанда іске асыруға жағдай жасауды көздейді. Сондай-ақ Қазақстан азаматтығы жеңілдетілген тәртіппен беріледі. Бірақ депутат Қазыбек Исаның айтуынша, "Ата жолы" картасы түкке жарамай жатқан көрінеді.
"Атышулы "Ата жолы" картасына ие болғандардың қандастардан айырмашылығы сол, олар Қазақстан азаматтарына тиесілі құқықтарға ие болып, Қазақстан азаматтығын оңайлатылған тәртіппен алуға тиіс еді. Алайда "Ата жолы" картасын алған 55 адамның ешқайсысы ешқандай жеңілдік алған жоқ. Өйткені "Ата жолы" картасы заңдық негізі жоқ, түкке жарамайтын болып шықты. Сонда еңбек министрлігінің алақайлаған "Ата жолы" картасы алдау жолы болып шықты", - деді Иса мәжілістің бүгінгі отырысында.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушы Ақмәди Сарбасов "Ата жолы" картасы бойынша мәселе бар екенін растады.
"Ата жолы" картасы бойынша сұрақтар бар. Біз оны білеміз. Қазір еңбек министрлігінде жұмыс тобы құрылды. Сонда бәрін талқылаймыз", - деп атап көрсетті Сарбасов.
Кандасы вернулись в Казахстан из Афганистана - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.08.2023
Қазақстанға "Ата жолы" картасымен 50 адам келуге ниет білдірді
Жаңалықтар
0