Мажарстандық инвесторлар Қазақстанда ірі зауыттар салады

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаҚазақстанда құрама жем мен премикс өндіретін зауыттар салынады
Қазақстанда құрама жем мен премикс өндіретін зауыттар салынады - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.03.2025
Жазылу
Жоба аясында 3 зауыт, зертхана мен тренинг-орталық салу ұсынылды
АЛМАТЫ, 12 наурыз – Sputnik. Мажарстандық инвесторлар Қазақстанда құрама жем және премикс өндіретін ірі зауыттар салуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды ауыл шаруашылығы министрлігі.
Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мажарстандық "UBM Group" компаниясының басшыларымен кездесті. Екі тарап Қазақстанда премикстер мен құрама жем өндіру бойынша ірі инвестициялық жобаларды іске асыру мәселесін талқылады.
© Photo : Министерство национальной экономики КазахстанаМажарстандық инвесторлар Қазақстанда бірқатар жобаларды жүзеге асырмақ
Встреча главы Миннацэкономики Серика Жумангарина с руководством венгерской компании UBM Group - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.03.2025
Мажарстандық инвесторлар Қазақстанда бірқатар жобаларды жүзеге асырмақ

"Жоба аясында 2025 жылдан 2027 жылға дейін қуаттылығы жылына 48 мың тонна премикс және 300 мың тонна құрама жем өндіретін 3 зауыт, қосымша-зертхана мен тренинг-орталық салу ұсынылды. Жобаны сәтті іске асырған жағдайда Қазақстанда премикс өндіретін алғашқы ірі зауыт және құрама жем өндіретін ірі кәсіпорын пайда болады. Нәтижесінде 250 мың тоннадан астам импортталатын құрама жем өндірісі бойынша импорт алмастыруға мүмкіндік болады", - дейді министрліктегілер.

Вице-премьердің айтуынша, биыл австралиялық әдіс бойынша мал шаруашылығын дамыту бағдарламасы басталды. Бұл орайда жем-шөптің сапасы өзгеріп, ет өндірісінің құны арзандайды.
© Photo : Министерство национальной экономики КазахстанаМажарстандық инвесторлар Қазақстанда бірқатар жобаларды жүзеге асырмақ
Встреча главы Миннацэкономики Серика Жумангарина с руководством венгерской компании UBM Group - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.03.2025
Мажарстандық инвесторлар Қазақстанда бірқатар жобаларды жүзеге асырмақ

"Қазақстан астықты, етті, сүтті терең өңдеу бойынша жобаларды дамытуға мүдделі. Жақында біз бірқатар салаларға инвестициялар бойынша тапсырыс жарияладық. Олардың арасында азық-түлік өндірісі ерекше орын алады. Біз азық-түлік өнімдерімен, әсіресе әлеуметтік азық-түлікпен, тұрғындар қажеттілігінің кем дегенде 90%-ін қамтамасыз етуді көздеп отырмыз. Сіздің компанияңызды осы салаға инвестициялау мүмкіндіктерін қарастыруға шақырамыз", — деді Серік Жұманғарин.

Ал UBM Group акционері Варга Акош Қазақстанда жаңа өндірістер құруға дайын екенін айтып, тіпті қызығушылық танытты. Ол үшін кәсіпорынның қажетті тәжірибесі, қуаты, заманауи технологиялары да бар. Жоба аясында Қостанай, Қарағанды облыстарында және Алматыда зауыттар салынады.
© Photo : Министерство национальной экономики КазахстанаМажарстандық инвесторлар Қазақстанда бірқатар жобаларды жүзеге асырмақ
Встреча главы Миннацэкономики Серика Жумангарина с руководством венгерской компании UBM Group - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.03.2025
Мажарстандық инвесторлар Қазақстанда бірқатар жобаларды жүзеге асырмақ
"Атап айтқанда, Қарағанды облысында бизнес бойынша серіктес және зауыт құрылысына арналған орын анықталды, Қостанай мен Алматыда да серіктестер бар, бірақ зауыт құрылысының орнына қатысты мәселе шешілген жоқ", - дейді министрлік.
Мажарстандық инвесторлардың Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде тағы бір зауыт салу жоспары бар, бірақ оны іске асыру үшін Қазақстанда серіктес әлі табылмаған. Акош Варга вице-премьерге Қостанай облысы мен Алматыда құрылыс орнын анықтай отырып, мәселелерді тез арада шешуге көмек көрсету туралы өтініш білдірді. Жиын қорытындысы бойынша вице-премьер өңірлерге АШМ-мен бірлесіп, наурыз айының соңына дейін инвесторлық жобаны іске асыруды кешіктірмей, осы жылдың екінші тоқсанында жер жұмыстары кезеңіне кірісуі үшін жер учаскелерін анықтауды тапсырды.
Жаңалықтар
0