https://sputnik.kz/20250312/kunaga-zheteleydi-muftiyat-auyzashar-dastarqanyna-qatysty-malimdeme-zhasady-51550878.html
"Күнәға жетелейді": мүфтият ауызашар дастарқанына қатысты мәлімдеме жасады
"Күнәға жетелейді": мүфтият ауызашар дастарқанына қатысты мәлімдеме жасады
Sputnik Қазақстан
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы дәмхана иелерін халыққа қолжетімді ауызашар мәзірін ұсынуға шақырды 12.03.2025, Sputnik Қазақстан
2025-03-12T13:04+0500
2025-03-12T13:04+0500
2025-03-12T13:04+0500
ауызашар
рамазан-2025
рамазан айы
ысырапшылдық
қазақстан мұсылмандары діни басқармасы
https://sputnik.kz/img/1384/85/13848553_0:105:2000:1230_1920x0_80_0_0_62f9d64e258daa70c9f1aa0411ca72ef.jpg
АЛМАТЫ, 12 наурыз – Sputnik. Қазақстанда ауызашар беретін дәмхана, мейрамханалар ас мәзірінің бағасын қымбаттатып жіберді, деп хабарлады Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы.Рамазан айында жасалатын әрбір жақсылықтың сауабы еселенеді. Сондай-ақ мұқтажға қол ұшын беру – үлкен сауапты іс. Сол сауапты істің бірі – аузы берік жанға ауызашар беру, дейді мүфтият.Дін ауызашар дастарқанында ас та төк ысырапқа жол беруге, дастарқан жасауда бәсекелесуді құптамайды. Ондай әрекет сауапқа емес күнәға жетелейді.ҚМДБ мамандарының айтуынша, ауызашар дастарқаны қарапайымдылыққа негізделуге тиіс. Қасиетті Құранда: "... ішіңдер, жеңдер, алайда ысырапқа жол бермеңдер. Өйткені Алла ысырап етушілерді жақсы көрмейді" делінген ("Ағраф" сүресі, 31-аят).Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тамақтану орындарының иелерін халыққа қолжетімді қарапайым ауызашар мәзірін ұсынуға шақырды.
https://sputnik.kz/20250220/ramazan-2025-oraza-kestesi-51022827.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1384/85/13848553_111:0:1891:1335_1920x0_80_0_0_b8a6c2107ee94000cb9f822ebfedd968.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ауызашар, рамазан-2025, рамазан айы, ысырапшылдық, қазақстан мұсылмандары діни басқармасы
ауызашар, рамазан-2025, рамазан айы, ысырапшылдық, қазақстан мұсылмандары діни басқармасы
"Күнәға жетелейді": мүфтият ауызашар дастарқанына қатысты мәлімдеме жасады
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы дәмхана иелерін халыққа қолжетімді ауызашар мәзірін ұсынуға шақырды
АЛМАТЫ, 12 наурыз – Sputnik. Қазақстанда ауызашар беретін дәмхана, мейрамханалар ас мәзірінің бағасын қымбаттатып жіберді, деп хабарлады Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы.
Рамазан айында жасалатын әрбір жақсылықтың сауабы еселенеді. Сондай-ақ мұқтажға қол ұшын беру – үлкен сауапты іс. Сол сауапты істің бірі – аузы берік жанға ауызашар беру, дейді мүфтият.
"Бірақ, өкінішке қарай, соңғы кездері еліміздегі бірқатар мейрамхана, кафелер мен дәмханалардың иелері ауызашар мәзірінің бағасын өте жоғары ұсынып, халық арасында түсінбеушілік тудырып жатыр", - деп жазылған мәлімдемеде.
Дін ауызашар дастарқанында ас та төк ысырапқа жол беруге, дастарқан жасауда бәсекелесуді құптамайды. Ондай әрекет сауапқа емес күнәға жетелейді.
ҚМДБ мамандарының айтуынша, ауызашар дастарқаны қарапайымдылыққа негізделуге тиіс. Қасиетті Құранда: "... ішіңдер, жеңдер, алайда ысырапқа жол бермеңдер. Өйткені Алла ысырап етушілерді жақсы көрмейді" делінген ("Ағраф" сүресі, 31-аят).
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тамақтану орындарының иелерін халыққа қолжетімді қарапайым ауызашар мәзірін ұсынуға шақырды.