https://sputnik.kz/20250312/koppaterli-uydin-tarifteri-ozgeredi--zan-zhobasy-azirlendi-51561966.html
Көппәтерлі үйдің тарифтері өзгереді – заң жобасы әзірленді
Көппәтерлі үйдің тарифтері өзгереді – заң жобасы әзірленді
Sputnik Қазақстан
Бұрын Астанада эксплуатациялық шығындардың тарифі пәтердің бір шаршы метрі үшін 80-90 теңге болса, қазір 110 теңге 12.03.2025, Sputnik Қазақстан
2025-03-12T18:13+0500
2025-03-12T18:13+0500
2025-03-12T18:16+0500
пәтер
тарифтер
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/10/15213471_0:0:1281:721_1920x0_80_0_0_4927168ee70d7263fbe3de83c4599020.jpg.webp
АСТАНА, 12 наурыз – Sputnik. Мәжілістің қарауына түскен заң жобасында көппәтерлі тұрғын үйлерді күтіп ұстауға арналған тарифтерді басқаша есептеу ұсынылып отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Қазіргі кезде көппәтерлі үйге қызмет көрсету тарифтерін мәслихаттар бекітеді. Ал оны көтеру мәселесі тұрғындардың жиналысында ғана талқыланып, дауыс беру арқылы шешіледі. Мәселен, бұрын Астанада эксплуатациялық шығындардың тарифі пәтердің бір шаршы метрі үшін 80-90 теңге болса, қазір 110 теңге болып кетті. Осылайша, бір бөлмелі үйдің иесі басқарушы компанияға ай сайын шамамен 4 500 – 5000 теңге төлейді. Ал жаңа заң жобасында осы тарифті айлық есептік көрсеткішпен есептеу ұсынылып отыр.Айта кетері, биыл бір айлық есептік көрсеткіш 3 932 теңгеге дейін көтерілді. Былтыр оның мөлшері 3 692 теңге болған. Осылайша, АЕК бір жылда 240 теңгеге өсті.
https://sputnik.kz/20250124/tarifter-koterile-beredi-vitse-premer-turgyn-uy-zhardemaqysy-kimge-beriletinin-aytty-50247091.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/10/15213471_0:0:1273:954_1920x0_80_0_0_5ff3bda647117b3f298db1eb8281db36.jpg.webpSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
пәтер, тарифтер
Көппәтерлі үйдің тарифтері өзгереді – заң жобасы әзірленді
18:13 12.03.2025 (жаңартылды: 18:16 12.03.2025) Бұрын Астанада эксплуатациялық шығындардың тарифі пәтердің бір шаршы метрі үшін 80-90 теңге болса, қазір 110 теңге
АСТАНА, 12 наурыз – Sputnik. Мәжілістің қарауына түскен заң жобасында көппәтерлі тұрғын үйлерді күтіп ұстауға арналған тарифтерді басқаша есептеу ұсынылып отыр, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қазіргі кезде көппәтерлі үйге қызмет көрсету тарифтерін мәслихаттар бекітеді. Ал оны көтеру мәселесі тұрғындардың жиналысында ғана талқыланып, дауыс беру арқылы шешіледі. Мәселен, бұрын Астанада эксплуатациялық шығындардың тарифі пәтердің бір шаршы метрі үшін 80-90 теңге болса, қазір 110 теңге болып кетті. Осылайша, бір бөлмелі үйдің иесі басқарушы компанияға ай сайын шамамен 4 500 – 5000 теңге төлейді. Ал жаңа заң жобасында осы тарифті айлық есептік көрсеткішпен есептеу ұсынылып отыр.
"Негізі, кез келген тариф жыл сайын қайта қаралуы қажет. Себебі үйді күтіп ұстау шығындары аз емес. Ал тарифті көтеру үшін тұрғындардың жиналысын өткізу керек, әрбір адам дауыс беруі шарт. Бір жағынан басқарушы компания да тарифтерді көтеріп тастауы мүмкін. Біздіңше, оны АЕК-ке байлап қойса, тарифтер күр көтерілмейді, себебі айлық есептік көрсеткіш бірқалыпты және баяу өседі", - дейді депутат Екатерина Смышляева.
Айта кетері, биыл бір айлық есептік көрсеткіш 3 932 теңгеге дейін көтерілді. Былтыр оның мөлшері 3 692 теңге болған. Осылайша, АЕК бір жылда 240 теңгеге өсті.