Көкшетауда жедел жәрдем көлігіндегі жүйе бір айда 8 мың заң бұзушылықты анықтады

© Photo : Sergek GroupЖедел жәрдем
Жедел жәрдем - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.03.2025
Жазылу
Sergek Patrol кешені жасанды интеллект, заманауи камералар және радармен жабдықталған
АСТАНА, 12 наурыз – Sputnik. Көкшетауда жедел жәрдем көлігіне орнатылған жол қозғалысын бақылайтын жүйе бір ай ішінде 8000-нан астам заң бұзушылықты анықтады, деп хабарлады Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Облыстық цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы Ержан Мағжанның айтуынша, цифрлық құралдар проблемалық аймақтарды анықтап, оларды жақсарту бойынша жұмыстар жүргізуге мүмкіндік береді.
"Сондай-ақ жүргізушілердің жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді. Мұнда басты мақсат – заң бұзушылықтарды тіркеу ғана емес, олардың себептерін түсініп, жолдарды баршаға қауіпсіз ететін шешімдер табу", – деді басқарма басшысы.
Sergek Group компаниясының бас директоры Евгений Кимнің айтуынша, бүгінде жүргізушілерге әкімшілік шаралар ғана тәртіпке салады.
"Ал біз жедел жәрдем көлігіне жол беру жүргізушілер үшін әдетке айналса дейміз. Жүргізуші тәртібін жақсарту арқылы айыппұл санын азайтып қана қоймай, жол апатының алдын алуға қол жеткізер едік", – деді ол.
© Photo : Sergek GroupАвтокөлікке орнатылған Sergek Patrol мобильді аппараттық-бағдарламалық кешені
Мобильный комплекс Sergek на машине Скорой медпомощи в Кокшетау - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.03.2025
Автокөлікке орнатылған Sergek Patrol мобильді аппараттық-бағдарламалық кешені
Ол сондай-ақ жедел жәрдем көлігіне орнатылған Sergek Patrol мобильді аппараттық-бағдарламалық кешені жасанды интеллект (AI), заманауи камералар және радармен жабдықталғанын атап өтті. Бұл жүйе түнгі уақытта, кез келген ауа райында, байланыс болмаған жағдайда да заң бұзушылықтарды анықтай алады.
Айта кетейік, жедел жәрдем көлігінде орнатылған жүйе нақты уақыт режимінде көлік нөмірлерін дерекқор бойынша тексеріп, тоқтау және тұрақ ережелерін бұзу, жол белгілері мен сызықтарын сақтамау сынды заң бұзушылықтарды тіркейді. Қазіргі таңда жүйе жылдамдықты 60 км/сағ және 80 км/сағ шектеулі аймақтарда асырған жағдайларды анықтауға бейімделген.
Қазіргі кезеңде жүйе тек талдау режимінде жұмыс істейді, яғни айыппұл салынбайды. Жиналған деректер жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру бойынша шараларды әзірлеу үшін пайдаланылады.
Нарисованный смайлик на светофоре в Париже - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.06.2024
Бағдаршамның сары түсіне өткендер емтихан тапсырады
Жаңалықтар
0