CERAWeek 2025: Қазақстан энергетика секторын дамыту стратегиясын ұсынды

© Photo : Пресс-служба Минэнерго КазахстанаCERAWeek 2025: Қазақстан энергетика секторын дамыту стратегиясын ұсынды
CERAWeek 2025: Қазақстан энергетика секторын дамыту стратегиясын ұсынды - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.03.2025
Жазылу
Конференцияға биыл 80 елден 10 000-нан астам маман қатысты
АСТАНА, 12 наурыз – Sputnik. Қазақстан энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Хьюстон қаласында (АҚШ) өткен CERAWeek 2025 халықаралық энергетика конференциясына қатысты, деп хабарлайды энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.
Энергетика мәселелерін талқылайтын әлемдегі жетекші платформалардың бірі - CERAWeek конференциясына биыл 80 елден 10 000-нан астам маман қатысты.
Leadership Dialogue пленарлық отырысында сөз сөйлеген энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев саланы дамытудың негізгі бағыттары - Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және "жасыл" экономикаға көшу жөніндегі жоспарлары туралы айтты.
"Былтыр Қазақстанда мұнай өндіру 87,7 миллион тоннаны (660 миллион баррель) құраса, 2030 жылға қарай елдің халықаралық міндеттемелерін ескере отырып, бұл көрсеткішті жылына 100 миллион тоннаға (785 миллион баррельден астам) жеткізу жоспарланып отыр", - деді Сәтқалиев.
Министр жаңа кен орындарын игеру және тасымалдау бағыттарын әртараптандыру бойынша үкімет қабылдап жатқан шаралар жөнінде айтты.
Сәтқалиев атом энергетикасын дамытуға жеке тоқталды. Ол Қазақстан жаһандық декарбонизация үрдістерін ұстана отырып, атом энергетикасын ұзақ мерзімді энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің перспективалы бағыттарының бірі ретінде қарастыратынын айтты. Елімізде дәстүрлі жоғары қуатты реакторларды да, шағын модульдік реакторларды да пайдалану мүмкіндігін қарастыра отырып, атом электр станцияларын салу мәселесі зерттелуде. Болашақта Қазақстан өз ядролық кластерін құруды көздеп отыр.
"Қазақстан жасыл энергетика, декарбонизация және метан шығарындыларын азайту саласындағы халықаралық серіктестермен ынтымақтастықты белсенді дамытуда. Біз осы салаларға озық технологияларды енгізу және инвестиция тартудың үлкен әлеуетін көріп отырмыз", - деді Алмасадам Сәтқалиев.
CERAWeek аясында қазақстандық делегация газ өнеркәсібінің болашағы және энергияға ауысудағы табиғи газдың рөлі, сондай-ақ көміртекті алу, кәдеге жарату және сақтау (CCUS) саласындағы жаңа технологиялар туралы сессияларға қатысты.
Павлодарский нефтехимический завод  - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.02.2025
Энергетика министрі мұнай өндіруді арттыру себебін түсіндірді
Жаңалықтар
0