https://sputnik.kz/20250312/balalardyn-qauipsizdigin-arttyratyn-sim-karta-engiziledi-51557635.html
Балалардың қауіпсіздігін арттыратын SIM-карта енгізіледі
Балалардың қауіпсіздігін арттыратын SIM-карта енгізіледі
Sputnik Қазақстан
Бұл балалардың интернеттегі қауіпсіздігін күшейтеді 12.03.2025, Sputnik Қазақстан
2025-03-12T16:18+0500
2025-03-12T16:18+0500
2025-03-12T16:18+0500
телефон
қауіпсіздік
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/07/18841890_0:159:3076:1889_1920x0_80_0_0_67aae310c7e4730eeff5dde37240f561.jpg
АСТАНА, 12 наурыз – Sputnik. Оқу-ағарту министрлігі балалардың цифрлық қауіпсіздігін арттыру үшін арнайы SIM-картаны қолданысқа енгізеді. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясында оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан айтты.Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен амандығын қамтамасыз ету үшін оқу-ағарту министрлігі балалардың цифрлық қауіпсіздігін арттыру мақсатында арнайы SIM-карта енгізу бастамасын көтерді.Нәтижесінде мобильді құрылғыны пайдаланғанда қауіп болмайды. Бұл - ата-аналар тарапынан бақылауды күшейтуге бағытталған арнайы тарифтік жоспар. Балаларға арналған SIM-карталардың басты артықшылықтары:"Ата-аналар балалардың телефонды қолдануын бақылай алады. Қазақстанда байланыс операторлары балаларға арналған, білім беру ресурстарына шектеулі қолжетімділік беретін тарифтерді ұсынғанымен, интернеттегі қауіпсіз мінез-құлықты толық бақылау мүмкіндігін қамтамасыз етпейді. Министрліктің бұл бастамасы балалардың интернеттегі қауіпсіздігін күшейтіп, ата-аналарға олардың онлайн кеңістіктегі қорғанысын қамтамасыз етуде жоғары деңгейдегі қолдау көрсетеді", – деп мәлімдеді Еділ Оспан.Айта кетейік, Қазақстанда "Балаларды олардың денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғау туралы" заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жұмыс басталды. Бұл шаралар балалардың интернеттегі қауіпсіздігін заңнамалық тұрғыдан күшейтуге бағытталған.
https://sputnik.kz/20250212/uyaly-telefon-satushylar-khalyqty-qalay-aldaydy--ukimetke-usynys-zhasaldy-50806609.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/07/18841890_174:0:2903:2047_1920x0_80_0_0_c459a75ff4ab9d371fa44e49b4735197.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
телефон, қауіпсіздік
Балалардың қауіпсіздігін арттыратын SIM-карта енгізіледі
Бұл балалардың интернеттегі қауіпсіздігін күшейтеді
АСТАНА, 12 наурыз – Sputnik. Оқу-ағарту министрлігі балалардың цифрлық қауіпсіздігін арттыру үшін арнайы
SIM-картаны қолданысқа енгізеді. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясында оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан айтты.
Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен амандығын қамтамасыз ету үшін оқу-ағарту министрлігі балалардың цифрлық қауіпсіздігін арттыру мақсатында арнайы SIM-карта енгізу бастамасын көтерді.
Нәтижесінде мобильді құрылғыны пайдаланғанда қауіп болмайды. Бұл - ата-аналар тарапынан бақылауды күшейтуге бағытталған арнайы тарифтік жоспар. Балаларға арналған SIM-карталардың басты артықшылықтары:
Зиянды және қалаусыз контенттен қорғау
Баланың жүрген жерін бақылау (геолокация)
"Ата-аналар балалардың телефонды қолдануын бақылай алады. Қазақстанда байланыс операторлары балаларға арналған, білім беру ресурстарына шектеулі қолжетімділік беретін тарифтерді ұсынғанымен, интернеттегі қауіпсіз мінез-құлықты толық бақылау мүмкіндігін қамтамасыз етпейді. Министрліктің бұл бастамасы балалардың интернеттегі қауіпсіздігін күшейтіп, ата-аналарға олардың онлайн кеңістіктегі қорғанысын қамтамасыз етуде жоғары деңгейдегі қолдау көрсетеді", – деп мәлімдеді Еділ Оспан.
Айта кетейік, Қазақстанда "Балаларды олардың денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғау туралы" заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жұмыс басталды. Бұл шаралар балалардың интернеттегі қауіпсіздігін заңнамалық тұрғыдан күшейтуге бағытталған.